5 НАУРЫЗ, 2024
РЕСЕЙ
Олег Данилов бауырлас бостандыққа шықты
2024 жылдың 1 наурызында Олег Данилов бауырлас Ресей түрмесінде үш жыл отырып, бостандыққа шықты.
Үкім шығарылмай тұрғанда, Олег бауырлас түрмеге отырған жағдайда не істейтінін айтып былай деген еді: “Мен Пауылдың Філіпіліктерге 4:4-тегі: “Әрдайым Иемізге қуаныңдар! Тағы да айтамын, қуаныңдар!” деген сөздері туралы терең ойландым. Пауыл бұл сөздерді қамауда болғанда жазған. Оның Ехобамен қарым-қатынасы болаттай берік болғандықтан және оған толықтай арқа сүйегендіктен, ешқандай бұғау қуанышын сөндіре алмаған. Мен де оны үлгі тұтып, қандай жағдай болмасын қуанышымды жоғалтқым келмейді”.
Олегтің қуанышымды жоғалтпаймын деген осы шешімі оны отбасынан айырып, түрмеге жапқанда сынға алынды. Әсіресе үлкен ұлының үйлену тойына бара алмағаны оның жанына қатты батты. Олегке не көмектескенін әйелі Наталия айтып берді: “Олег не жоғалтқанын ойлай берсе, бұл оның шешімін әлсіретіп, қуанышынан айыратынын түсінді. Сондықтан ол өзінде жоқ емес, бар нәрсені үнемі есіне салып тұрды. Бұлар: Ехобамен достығы, киелі рухтың көмегі, жылы жанұясы, жан достары мен дүниежүзілік бауырластық еді. Бар зейінін осыған аударғанда, ол өзін өте бай адам сезінді”.
Сондай-ақ Наталия Олегтің үлгісі балаларына қалай ықпал еткенімен де бөлісті. “Әкелерінің сынақтармен сәтті күресіп жүргенін және Ехоба отбасымызды қамқорлап жатқанын көргенде, балаларымыз Ехобаға көбірек сенім арта бастады, бауырластарды да одан сайын жақсы көріп кетті. Олар енді Ехобаға қызмет етуді өмірлерінің төріне шығаруға тастүйін бекінген”,— деді ол.
Біз Олег бауырластың аман-есен өз отбасымен қауышқанына қуаныштымыз. Оның үлгісінен білеріміз: біз тіпті сеніміміз үшін азап шексек те, қуанышты болып қала аламыз және бізде Ехобаның рухы бар екеніне сенімді бола аламыз (Петірдің 1-хаты 4:14).