6 НАУРЫЗ, 2019
РЕСЕЙ
Ресейдегі Акопян бауырласымызға шығарылған үкім күшін жойды
2019 жылдың 1 наурызында Қабарда-Балқар Республикасының Жоғарғы соты Аркадя Акопян бауырласымызға қатысты шығарылған үкімнің күшін жойды. Ол “экстремистік” әдебиеттер таратты және “діни өшпенділік туғызды” деген жалған айыппен бір жылға жуық уақыт тергеліп келген еді.
Бұған дейін төменгі сот 70 жастағы Акопян бауырласымыз қоғамдық жұмысқа тартылсын деген шешім шығарған еді. Ал жақында Жоғарғы сот төменгі соттың бұл шешімін жоққа шығарды.
Акопян бауырласымыздың қуанышына ортақтаспыз, әрі осы жеңіс үшін Ехобаға алғыс айтамыз. Бауырластарымыз адалдықтарынан таймай, табанды бола берулері үшін үздіксіз дұға етеміз (Салоникалықтарға 2-хат 1:4).