Мазмұнға өту

Сергей Громов пен әйелі Елена

15 ҚЫРКҮЙЕК, 2023
РЕСЕЙ

Ресейде Сергей Громов бауырласымыз алты жыл бір айға түрмеге жабылды

Ресейде Сергей Громов бауырласымыз алты жыл бір айға түрмеге жабылды

2023 жылдың 14 қыркүйегінде Қазан қаласының Мәскеу аудандық соты Сергей Громов бауырласты айыпты деп тауып, алты жыл бір айға бас бостандығынан айырды. Ол 2022 жылдың 15 наурызынан бері қамауда отыр.

Қысқаша мағлұмат

Сергей мен Еленаның танытып жатқан адалдығы мен Ехобаға сенім артқаны біз үшін үлгі. Олар сенімдерін сақтап, Ехобаның батасын көріп жүргендері мына сөздердің растығын көрсетеді: “Ехобаның қолы құтқара алмайтындай қысқа емес, құлағы естімейтіндей керең емес” (Ишая 59:1).

Істің барысы

  1. 15 наурыз, 2022

    Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу үшін уақытша ұстау изоляторына қамалды

  2. 16 наурыз, 2022

    Үйінде тінту жүргізілді

  3. 17 наурыз, 2022

    Тергеу изоляторына ауыстырылды

  4. 30 наурыз, 2023

    Қылмыстық сот ісі басталды

  5. 14 қыркүйек, 2023

    Айыпты деп табылып, алты жыл бір айға сотталды

a Осы мақала дайындалып жатқанда, Громов бауырлас тергеу изоляторында еді. Оның өзінен сұхбат алуға мүмкіндік болмады.