Мазмұнға өту

20 НАУРЫЗ, 2019
РЕСЕЙ

Ресей соты Сургут қаласында тұтқындалған үш бауырласымыздың біреуін босатты

Ресей соты Сургут қаласында тұтқындалған үш бауырласымыздың біреуін босатты

2019 жылдың 7 наурызында Ханты-Мансийск автономдық аймағының аппеляциялық соты Артур Северинчик бауырласты тұтқындауға қатысты Сургут қаласындағы бірінші инстанциялы соттың шешімін жоққа шығарды. Сот шешіміне дейін қамауда болған Северинчик бауырлас 15 наурыз күні бостандыққа шықты.

17 ақпанда Сургут пен Лянтор қалаларында жүргізілген тінту нәтижесінде Северинчик бауырлас пен тағы екі бауырлас тұтқындалған еді. Бірақ сот бұл екі бауырласты, Евгений Федин мен Сергей Логиновты, босатудан бас тартты.

Бұл жағдай әлемдік қауымдастықтың назарына ілікті. Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық Сот соққыға жығылған Логинов бауырласты тәуелсіз медициналық сараптамадан өткізуді бұйырды.

Біз Северинчик бауырласымыздың бостандыққа шыққанына өте қуаныштымыз. Қамауда отырған Ресейдегі басқа да бауырластар Ехобаға сенім артсын деп, оның қолдауымен олар “еш шайқалмайтынын” есте ұстасын деп әрі қарай да дұға ете береміз (Зәбүр 16:8).