Мазмұнға өту

Солдан оңға қарай: Маргарита Моисеенко күйеуі Константинмен; Галина Яцик; Елена Яцык

14 ҚЫРКҮЙЕК, 2023 | ЖАҢАРТЫЛДЫ: 22 ҚЫРКҮЙЕК, 2023
РЕСЕЙ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР. БАУЫРЛАСТАРЫМЫЗ АЙЫПТЫ ДЕП ТАБЫЛДЫ | Дұға үш әйел бауырласымызға күш беріп жатыр

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР. БАУЫРЛАСТАРЫМЫЗ АЙЫПТЫ ДЕП ТАБЫЛДЫ | Дұға үш әйел бауырласымызға күш беріп жатыр

2023 жылдың 21 қыркүйегінде Амур облысының Зея аудандық соты Маргарита Моисеенко, Галина Яцик пен Елена Яцык бауырластарды айыпты деп тапты. Олар үш, екі және екі жарым жылға шартты түрде сотталды. Сондықтан олар қамауға алынбады.

Қысқаша мағлұмат

Осы үш аяулы бауырластарымыздың сұхбатынан байқағанымыздай, Ехоба дұғамызға жауап беріп, кез келген қиындықты еңсеруге қажет қасиеттерді дамытуға көмектеседі (Жоханның 1-хаты 5:14).

Істің барысы

  1. 21 наурыз, 2019

    Моисеенко отбасының үйіне тінту жүргізілді

  2. 13 қазан, 2020

    Елена мен Галинаның үйлеріне тінту жүргізілді

  3. 22 қараша, 2021

    Қылмыстық іс қозғалды

  4. 15 ақпан, 2022

    Үшеуінен де ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды

  5. 24 сәуір, 2023

    Қылмыстық сот ісі басталды

a b Галина Яцик пен Елена Яцык бір-біріне туыс емес.