14 ЖЕЛТОҚСАН 2023 | СОҢҒЫ МӘЛІМЕТ: 30 ҚАҢТАР, 2024
РЕСЕЙ
СОҢҒЫ МӘЛІМЕТ: БАУЫРЛАСТАР ТҮРМЕГЕ ЖАБЫЛДЫ |“Ехоба — арқа сүйер тірегім”
2024 жылдың 25-інші қаңтарында Самара қаласының Самара аудандық соты Арам Даниелян, Денис Кузянин, Сергей Полосенко және Николай Васильев бауырластарды айыпты деп тапты. Олардың әрқайсысы жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім шығарылған соң, оларды сот залынан бірден қамауға алып кетті.
Қысқаша мағлұмат
Асыл сенімі үшін қиындықта жүрген жандарды Ехоба әрі қарай да жұбатады. Олардың “істерін де, сөздерін де әрқашан... нығайтады” (Салоникалықтарға 2-хат 2:16, 17).
Істің барысы
14 желтоқсан, 2021
Денис, Николай және Сергейге қарсы қылмыстық іс қозғалды
15 желтоқсан, 2021
Денис, Николай және Сергейдің үйі тінтілді. Оларды уақытша изоляторға алып кетті
16 желтоқсан, 2021
Денис, Николай және Сергейді тергеу изоляторына ауыстырды
6 қаңтар, 2022
Арам Даниелянға қарсы қылмыстық іс қозғалды. Әуежайда тұтқындалды
7 қаңтар, 2022
Арам бауырлас тергеу изоляторына қамалды
12—14 желтоқсан, 2022
4 бауырласты тергеу изоляторынан босатты, ешқайда кетпеу туралы қолхат жаздыртты
16 маусым, 2023
Сот ісі басталды