Мазмұнға өту

Александр бауырлас пен әйелі Татьяна

5 АҚПАН, 2024| СОҢҒЫ МӘЛІМЕТ: 9 ҚАЗАН,2024
РЕСЕЙ

СОҢҒЫ МӘЛІМЕТ: ЕР БАУЫРЛАСҚА АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ |“Жолыңды Ехобаға тапсыр”

СОҢҒЫ МӘЛІМЕТ: ЕР БАУЫРЛАСҚА АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ |“Жолыңды Ехобаға тапсыр”

2024 жылдың 7 қазанында Қорған облысының Шадринский аудандық соты Александр Лубин бауырласты айыпты деп тауып, оған 500 000 рубль көлемінде айыппұл салды.

Қысқаша мағлұмат

Александр бауырлас сияқты ауыр жағдайларға кезіккенде Ехобаның көмегіне жүгінер болсақ, соңына дейін адалдық сақтай аламыз. Бұған еш күмәнданбасаңыз болады (Ишая 38:14).

Істің барысы

  1. 13 шілде, 2021

    Қылмыстық іс қозғалды

  2. 14 шілде, 2021

    Сегіз Ехоба куәгерінің үйі тінтілді. Александр тұтқындалып, тергеліп, уақытша ұстау изоляторына жабылды

  3. 16 шілде, 2021

    Тергеу изоляторына ауыстырылды

  4. 19 шілде, 2021

    Денсаулығына байланысты апелляциялық шағым берді

  5. 28 тамыз, 2021

    Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық Сот пен адам құқықтарын қорғаушыларға жүгінген соң, Александрды босатып, одан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды

  6. 14 шілде, 2023

    Қылмыстық іс басталды

  7. 7 қыркүйек, 2023

    Александр ауруханада жатқандықтан сот отырысы кейінге қалдырылды