20 ҚАРАША, 2023 | ЖАҢАРТЫЛДЫ: 26 СӘУІР, 2024
РЕСЕЙ
СОҢҒЫ МӘЛІМЕТ: ЖАЗА МЕРЗІМІ ҚЫСҚАРТЫЛДЫ | Евгений Бушев бауырласымыз 7 жылға қамалды
2024 жылдың 25 сәуірінде Челябинск аудандық соты Евгений Бушев бауырласымыздың апелляциялық шағымын қарастыра келе, жаза мерзімін бір жылға қысқартып, 7 жылдың орнына 6 жыл берді.
2023 жылдың 7 қарашасында Челябинскінің Калининский аудандық соты Евгений Бушев бауырласымызды айыпты деп тауып, 7 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Оны сот залынан тікелей абақтыға алып кетті.
Қысқаша мағлұмат
Тағы бір бауырласымыздың темір торға тоғытылғаны жанымызға қатты батады. Бірақ Ехоба Евгенийге және толарсақтан саз кешіп жүрген басқа да бауырластарымызға әрмен қарай да “қауіпсіз пана” болатынына еш күмәніміз жоқ (Зәбүр 94:22).
Істің барысы
24 тамыз, 2022
Қылмыстық іс қозғалды
8 қыркүйек, 2022
Үйінде тінту жүргізілді
9 қыркүйек, 2022
Ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды
20 қыркүйек, 2023
Сот ісі басталды
7 қараша, 2023
Айыпты деп табылып, 7 жылға сотталды