Мазмұнға өту

Елена Черных бауырлас

21 НАУРЫЗ, 2024 | ЖАҢАРТЫЛДЫ: 12 СӘУІР, 2024
РЕСЕЙ

СОҢҒЫ МӘЛІМЕТ: ӘЙЕЛ БАУЫРЛАСЫМЫЗ АЙЫПТЫ ДЕП ТАБЫЛДЫ | “Ехоба біздің қамымызды ойлайды”

СОҢҒЫ МӘЛІМЕТ: ӘЙЕЛ БАУЫРЛАСЫМЫЗ АЙЫПТЫ ДЕП ТАБЫЛДЫ | “Ехоба біздің қамымызды ойлайды”

2024 жылдың 12 сәуірінде Кемерово облысындағы Прокопьевск қаласының Центральный аудандық соты Елена Черных бауырласымызды айыпты деп тауып, үш жылға шартты түрде соттады. Сондықтан қамауға алынбады.

Қысқаша мағлұмат

Ехоба “еш өзгермейді”. Ол ең ауыр деген қиындықтармен күресу үшін “игі де кемелді сыйдың бәрін” беруге дайын (Жақып 1:17). Осыны білгеніміз жанымызға жай береді.

Істің барысы

  1. 12 шілде, 2020

    Үйлеріне тінту жүргізілді. Елена мен Юрий жауапқа тартылды

  2. 25 мамыр, 2023

    Қылмыстық іс қозғалды

  3. 15 тамыз, 2023

    Ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды

  4. 9 қазан, 2023

    Сот ісі басталды