21 АҚПАН, 2024 | СОҢҒЫ МӘЛІМЕТ: 25 НАУРЫЗ, 2024
РЕСЕЙ
СОҢҒЫ МӘЛІМЕТ: ӘЙЕЛ БАУЫРЛАСЫМЫЗ АЙЫПТЫ ДЕП ТАБЫЛДЫ | Көп бауырластар Еленаға қолдау көрсетуде
2024 жылдың 22 наурызында Тольятти қаласының Центральный аудандық соты Елена Юренкова бауырласымызды айыпты деп тауып, екі жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды. Сондықтан ол қамауға алынбады.
Қысқаша мағлұмат
Біз Елена бауырласымызды және ол сияқты қуғын-сүргінге төзіп, бізбен бірге Ехобаға “иық тіресе қызмет етіп” жатқан көптеген бауырластарды қолдап жатқан Әкемізге дән ризамыз! (Софония 3:9).
Істің барысы
14 мамыр, 2023
Қылмыстық іс қозғалды
16 мамыр, 2023
Тінту жүргізілді. Тергеу жасалып, үйден шығуға тыйым салынды
5 маусым, 2023
Айып тағылды
23 тамыз, 2023
Сот отырысы басталады