Мазмұнға өту

Жоғарыда, солдан оңға қарай: Алексей Богатов, Евгений Фомашин, Владимир Маврин

Төменгі қатарда, солдан оңға қарай: Андрей Мурыч пен Сергей Тюрин

29 ҚАРАША, 2023
РЕСЕЙ

Саратов облысындағы сот бес бауырласты айыптады

Саратов облысындағы сот бес бауырласты айыптады

2023 жылы 23 қарашада Саратов облысындағы Балаково қаласының аудандық соты Алексей Богатов, Евгений Фомашин, Владимир Маврин, Андрей Мурыч және Сергей Тюриннің ісіне қатысты шешімін жариялады. Бесеуі де айыпталды. Алексей мен Владимир шартты түрде 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал Андрей, Сергей және Евгенийге 300 000 рубль (шамамен 3400 АҚШ доллары) айыппұл салынды. Ешқайсысына түрмеде отырудың қажеті жоқ.

Қысқаша мағлұмат

Осындай бес адалымыздың үлгісіне қарап, Құдайға арқа сүйеген жан ізгі хабар үшін қорлыққа шыдай алатынын ұғынамыз (Тімөтеге 2-хат 1:8).

Істің барысы

  1. 11 ақпан, 2022

    Қылмыстық іс қозғалды

  2. 23 наурыз, 2022

    ФСБ қызметкерлері бес бауырластың үйін тінтіді. Бесеуі де тергеліп, уақытша ұстау изоляторына жіберілді

  3. 25 наурыз, 2022

    Изоляторға қамалды

  4. 23 қаңтар, 2023

    Бауырластар босатылды. Ешқайда кетпеу туралы қолхат жаздыртты

  5. 21 шілде, 2023

    Сот ісі басталды

  6. 23 қараша, 2023

    Айыпталды