21 ҚАРАША, 2023
РЕСЕЙ
Туладағы (Ресей) төрт Куәгер шартты түрде сотталды
2023 жылы 20 қарашада Тула қаласындағы Пролетарский аудандық соты Евгений Годунов, Гурами Лабадзе, Юлия Попкова мен Анжела Путивская бауырластарды айыпты деп тапты. Евгений мен Гурами бауырластардың екеуі де алты жыл, алты айға шартты түрде сотталды. Ал Юлия мен Анжела бауырластар екі жыл, алты айға шартты түрде сотталды. Оларға қазір түрмеде отырудың қажеті жоқ.
Қысқаша мағлұмат
Осы бауырластарымыздың үлгісінен білеріміз: Ехобаға арқа сүйесек және Жазбалардағы сенімі мықты жандарға қарап бой түзесек, біз де жұбаныш пен үмітке ие боламыз (Римдіктерге 15:4).
Істің барысы
25 наурыз, 2021
Қылмыстық іс қозғалды
13 сәуір, 2021
Үйлеріне тінту жүргізілді. Анжела мен Юлия қамауға алынды
14 сәуір, 2021
Анжела мен Юлия тергеу изоляторына жіберілді. Евгений ұсталып, айып тағылды. Гурами бауырлас үй қамауына алынды
16 сәуір, 2021
Евгений тергеу изоляторына жіберілді
20 мамыр, 2021
Анжела, Евгений және Юлия тергеу изоляторынан босатылып, үй қамағына ауыстырылды
22 шілде, 2021
Анжела, Евгений және Юлия үй қамағынан босатылды. Оларға елден шығуға тыйым салынды
23 шілде, 2021
Гурами үй қамағынан босатылды. Оған елден шығуға тыйым салынды.
11 мамыр, 2023
Қылмыстық сот ісі басталды
20 қараша, 2023
Айыпты деп табылып, шартты түрде сотталды