Мазмұнға өту

Delegates pictured from left to right: Alberto Rovira (Spain), Peter Hamadej (Slovakia), Andrejs Gevla (Latvia), Chong Ho (Korea), Yaroslav Sivulskiy (Russia), Johann Zimmermann (Austria), Stefan Steiner (Switzerland), Vasiliy Kalin (Russia), Tommi Kauko (Finland), Mark Sanderson (United States), Robert Delahaije (Netherlands), Marc Hansen (Belgium), Paul Gillies (United Kingdom), Lars-Erik Eriksson (Sweden), Tommy Jensen (Denmark), Jørgen Pedersen (Norway), Manfred Steffensdorfer (Germany), Teemu Konsti (Lithuania), Babis Andreopoulos (Greece), Tambet Ernits (Estonia), Jean-Claude Pons (France)

21 ШІЛДЕ, 2017
РЕСЕЙ

Түрлі елден келген делегаттар Ресейдегі бауырластарын апелляциялық сотта қолдады

Түрлі елден келген делегаттар Ресейдегі бауырластарын апелляциялық сотта қолдады

НЬЮ-ЙОРКТЕГІ Ехоба куәгерлерінің Басқарушы кеңесі Ресейдегі бауырластар үшін бүкіл дүниежүзі қам жеп отырғанын көрсету үшін үш құрлықтан бауырластар жинап, Мәскеуге жол тартты.

Ресейлік бауырластар Мәскеуге келген делегаттарды қуанышты жүздерімен қарсы алды, араларында сонау алыс Сібірден келгендер де болды. Делегаттар Ресейдегі бауырластарын шын көңілден ойлап жүргендерін және олар үшін дүниежүзіндегі бауырластар бар жүректерімен дұға етіп жатқанын айтты. Делегаттардың бірі Ресейдегі бауырластары жайында былай деді: “Іс-шараларына тыйым салу туралы әділетсіз шешімнің өзгеретініне деген үміттері ақтала қоймасын білсе де, олардың батылдық танытып жатқандарына қайран қалдым”.

Үш судьядан тұратын сот алқасы Ехоба куәгерлеріне қарсы шешім шығарса да, сот залында сүйіспеншілік пен бірліктің лебі есіп тұрды. Жұрт алдында Ехобаның есімі датталып жатқанын есту өте ауыр тиді, әрине. Енді Ресейдегі Куәгерлер үшін сынақ заманының басталатыны түсінікті-ақ. Десе де, сот залындағы бауырластардың өз қадір-қасиеттерін биік ұстай білгендері және сүйіспеншіліктен айнымағандары апелляция судьяларының “экстремистер” деп таққан айыптарының жалған екенін айқын етіп тұрды.

Басқарушы кеңестің мүшесі Марк Сандерсон өзімен келген делегаттарды алдағы күндері “берік те батыл болуға” шақырды. Сот залынан шыға бергенде жергілікті Куәгерлер оларды құшақтарына алып, осындай тарихи кезеңде қастарынан табылғандарына алғыстарын жаудырып жатты.

Делегаттар Мәскеудегі 21 елдің өкілеттігіне жолығып, Ресейдің Ехоба куәгерлеріне шабуылы қандай қайғылы жағдайға соқтырғаны жайлы тура айғақтар келтірді. Олар Куәгерлердің үйлеріне өрт қойылып, жұмыстан шығарылып жатқанын, балалардың мектепте қорлық көріп жүргенін және кейбір ақсақалдарға мәсіхшілік кездесу жүргізгендері үшін қылмыстық айып тағылғанын айтты. Соның ішінде Деннис Кристенсен деген бауырлас ісінің қарастырылғанын күтіп, екі айдан бері қамауда отыр. Осы оқиғаларды қамтитын екі минуттық видеоны көргенде, өкілдердің көбісі аң-таң болды. Олардың көп қойған сұрағы мынау болды — “Неліктен Ехоба куәгерлері?” Бауырластар оларға керемет куәлік беріп, ұйымымыздың адамдар саяси бейтараптық сақтайтындарын және уағыз ісінің арқасында Ресей азаматтарының көбісі жақсы жаққа өзгергенін айтты. Сонда бір өкіл: “Православ шіркеуі суларына ау салғандарыңды жақтырмай жүр”,— деді. Оннан аса өкілеттік өзінің өкілдерін сотты тыңдауға жіберді. Олар сот залында іс қарастырылып біткенше 8 сағат бойы отырды.

Түрлі елден келген делегаттар үйлеріне сенімдері нығайып қанаттанып қайтты. Олар Ресейдегі бауырластарының адалдық сақтауға бекем екендерін көріп, сондай-ақ билік өкілдеріне тамаша куәлік бере алғандары үшін қатты қуанды.

Байланысу:

Давид Симонян, Қоғамдық ақпарат бюросы, +1-845-524-3000