Мазмұнға өту

4 ҚАЗАН, 2017
РЕСЕЙ

Апелляциялық сот Деннис Кристенсенді алдын ала қамауда ұстау туралы шешім шығарды

Апелляциялық сот Деннис Кристенсенді алдын ала қамауда ұстау туралы шешім шығарды

2017 жылдың 28 қыркүйегінде, үш сағаттық тыңдау өткізген соң, Орёлдың облыстық соты Ехоба куәгері болып табылатын Дания азаматы Деннис Кристенсенді қамаудан босату өтінішін қанағаттандырудан бас тартты. Алдын ала қамауға алынған ол 2017 жылдың 23 қарашасына дейін сонда қала бермек.

Шілде айында Д. Кристенсен мырзаның ісін тыңдау кезінде төменгі сот оның алдын ала қамауда ұстау мерзімін әділетсіз созған болатын. Сот мұны, сірә, прокурорға Кристенсенді экстремизмге айыпты деп табу үшін оған қарсы “айғақтар” жинап алуына мүмкіндік беру мақсатымен істесе керек. Кристенсен мырзаның қорғаушылары Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық Сотқа (АҚЕС) шағым берді. 2017 жылдың 4 қыркүйегінде АҚЕС осы істі қарастыруға кірісіп, Кристенсен мырзаның құқықтары бұзылғанына қатысты Ресейге бірқатар сауалдар жіберді.

Кристенсен мырзаның ісі әлемдік қауымдастықтың назарына ілігуде. Себебі бұл — Кеңес Одағы заманынан бері Ресей үкіметі жай ғана сенімімен бөліскені үшін Ехоба куәгерін түрмеге жапқан ең алғашқы жағдай.