Мазмұнға өту

23 ҚАРАША, 2017
РЕСЕЙ

Ресей Соты Киелі кітаптың “экстремист” аталуына байланысты апелляциялық шағымды тыңдамақ

Ресей Соты Киелі кітаптың “экстремист” аталуына байланысты апелляциялық шағымды тыңдамақ

2017 жылдың 6 желтоқсанында Ленинград облыстық соты Ехоба куәгерлерінің орыс тіліндегі “Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасына” тыйым салған төменгі соттың шешіміне қарсы апелляциялық шағымын тыңдайды.

2017 жылдың тамыз айында Выборг қалалық соты прокурордың “Жаңа дүние аудармасы” Киелі кітапқа жатпайды, себебі онда тетраграмматонмен берілген Құдайдың есімі “Ехоба” деп аударылған” деген “дәлелін” қабылдады. Бұл “дәлел” прокурорға “Экстремистік әрекеттерге қарсы күрес туралы” Заңды айналып өтуге мүмкіндік береді. Ал бұл Заң бойынша, қасиетті жазбаларды экстремистік деп атауға тыйым салынады.

Орыс тіліндегі “Жаңа дүние аудармасын” басып шығарған Ехоба куәгерлері Выборг қалалық сотының осы Киелі кітапты “экстремистік” басылым деп тапқан шешіміне үзілді-кесілді қарсы. “Жаңа дүние аудармасы” түгелдей я оның кейбір бөліктері 161 тілге аударылған, әрі ол — жұртқа сыйлы, тура және оқуға жеңіл аударма. Оның 200 миллионнан астам данасы таратылған.