Мазмұнға өту

27 ШІЛДЕ, 2017
РЕСЕЙ

Ресей Киелі кітапты “экстремист” деп жарияламақ

Ресей Киелі кітапты “экстремист” деп жарияламақ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ: Выборг қаласының соты істі 2017 жылдың 9 тамызына қалдырды.

2017 жылдың 28 шілдесінде Выборг қаласының соты Ехоба куәгерлері орыс тілінде басып шығарған “Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы” кітабы “экстремист” деп айыпталған істі қарастыруын жалғастырады. Ленинград-Финляндиялық транспорттық прокурор “Жаңа дүние аудармасына” “арнайы” сараптама жүргізіліп, оның “экстремист” деп жарияланғанын талап еткен. Сот 2016 жылдың сәуір айында прокурордың бұл талабын қанағаттандырған.

Содан бері талай рет кейінге шегеріліп келген зерттеулер аяқталып, 2017 жылдың 22 маусымында сотқа тапсырылды. Зерттеу нәтижесінде Киелі кітап “экстремист” деп табылғанда, Куәгерлер бұған таңғалмады. Зерттеушілер “Жаңа дүние аудармасының” “Киелі кітапқа жатпайтынын” айтты. Алайда бұл айып Экстремистік әрекеттерге қарсы күрес туралы Заңға қайшы келіп отыр. Себебі бұл Заң бойынша Киелі кітап сияқты қасиетті жазбаларды экстремистік деп атауға тыйым салынады. Тағы бір айта кететін жайт, сараптамашылар “зерттеулерін” теологияға негіздеген. Олар “Жаңа дүние аудармасында” тетраграмматонның * “Ехоба” деп аударылуына қарсы болды және мәтін Куәгерлердің іліміне сай бұрмаланған деп жалған айып тақты.

^ 3-абзац Тетраграмматон Құдайдың төрт еврей әрпінен (יהוה) тұратын есімін білдіреді. Ол ЙХВХ деп оқылады және Еврей жазбаларында 7000-ға жуық рет кездеседі.