Мазмұнға өту

24 ҚАРАША, 2017
РЕСЕЙ

Орёл соты Деннис Кристенсеннің қамақтағы мерзімін тағы да созды

Орёл соты Деннис Кристенсеннің қамақтағы мерзімін тағы да созды

СОҢҒЫ АҚПАРАТ: 2017 жылдың 22 желтоқсанында Орел облыстық соты Кристенсен мырзаны қамаудан босату туралы арызды қанағаттандырудан бас тартты. Бұл қамаудың мерзімі 2018 жылдың 23 ақпанында бітеді. Соған дейін ол тағы бір рет сот алдында тұрады және қылмыстық айыпқа тартылуы мүмкін.

2017 жылдың 22 қарашасында Ресейдің Орел қаласының Советтік аудандық соты үш сағаттық тыңдаудан соң, Деннис Кристенсеннің алдын ала қамауда ұстау мерзімін 2018 жылдың 23 ақпанына дейін созды. Осылайша сот екінші рет Кристенсен мырзаны тұтқында ұстауды үш айға созып отыр. Ол 2017 жылдың мамырынан бері тергеусіз қамауда отыр. Сол кезде оны полиция қызметкерлері Орел қаласында бейбіт діни іс-шараға қатысып жатқан жерінен қамауға алған болатын.

Кристенсен мырза Дания азаматы әрі Ехоба куәгері болып табылады. Ол тұтқынға алынғанға дейін Ресейдің Жоғарғы Соты Ехоба куәгерлерінің діни іс-шараларына экстремистік деп тыйым салмақ болды. Аудандық сот тергеушіге заңсыз діни іс-шара өткізді деген жаласына “айғақтар” жинауға мүмкіндік беру үшін алдын ала қамауда ұстау мерзімін ұзартып отыр. Сот осы тексеріс барысында Деннисті үйқамаққа отырғызуды қарастырудан бас тартты. Сондай-ақ Дания үкіметінің Кристенсен мырзаға төлқұжат бермейміз я Ресейден шығуына көмектеспейміз деп сендіргенін де елемеді.

Тұтқынға алынған кезінде Кристенсен мырза мен оның Ресей азаматы болып табылатын әйелі елдің негізгі заңы бойынша, діни сенім бостандығы мен жиын өткізу бостандығы құқығын пайдаланып жатқан болатын. Сот оның алдын ала қамауда ұстау мерзімін 2 жылға дейін созуды бұйыра алады. Егер ол кінәлі деп табылса, 6 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге түрмеге жабылмақ.