18 ҚЫРКҮЙЕК, 2023
РЕСЕЙ
71 жастағы ресейлік Владимир Балабкин бауырлас төрт жылға түрмеге жабылды
2023 жылдың 13 қыркүйегінде Амур өңірінің Белогорск қалалық соты Владимир Балабкин бауырласты айыпты деп тауып, төрт жылға бас бостандығынан айырды. Ол сот залынан тікелей абақтыға жіберілді.
Қысқаша мағлұмат
Ехобаға сенім артатын Владимирдай адал бауырласымыздың барына біз өте қуаныштымыз. Ехоба оған әрі қарай да күш-қуат пен жантыныштығын беретініне сенімдіміз (Зәбүр 29:11).
Істің барысы
2 наурыз, 2021
Қылмыстық іс қозғалды
4 наурыз, 2021
Үйінде тінту жүргізілді
18 мамыр, 2023
Қылмыстық сот ісі басталды
13 қыркүйек, 2023
Айыпты деп табылып, төрт жылға сотталды