Мазмұнға өту

Довлетов Сердар бауырлас, 2019 жылдың маусымы

9 ЖЕЛТОҚСАН, 2019
ТҮРІКМЕНСТАН

Түрікменстан соты Довлетов Сердар бауырласты моральдық ұстаным бойынша әскерге барудан бас тартқаны үшін үш жылға түрмеге қамау жазасын белгіледі

Түрікменстан соты Довлетов Сердар бауырласты моральдық ұстаным бойынша әскерге барудан бас тартқаны үшін үш жылға түрмеге қамау жазасын белгіледі

Түрікменстандағы сот 2019 жылдың 12 қарашасында 26 жасар Довлетов Сердар бауырласқа айып тағып, үш жылға бас бостандығынан айыру жазасын белгіледі. Сердар бауырласты қоса алғанда, барлығы он ер бауырлас моральдық ұстаным бойынша әскерге барудан бас тартқаны үшін түрмеде отыр. Олардың жетеуі 2019 жылы сотталса, үшеуіне 2018 жылы үкім шығарылған. Олардың қамау мерзімдері бір жыл мен төрт жыл аралығын қамтиды.

Сердар бауырлас оңтүстік-шығыс Түрікменстандағы Мары облысының Байрамалы қаласынан. Жұбайы Суря мен анасы Соня да Ехоба куәгерлері.

Сердар бауырласқа қатысты сот ісі 2019 жылдың 11 қарашасында басталды. Ол сотқа діни наным-сенімдеріне байланысты әскерге барудан бас тартатынын түсіндірді. Оның үстіне, үш дәрігер Сердар он екі елі ішектің созылмалы ойық жарасымен ауыратынын айтып, бұл оның әскерден босатылуына негіз болып табылатыны жайлы сотқа куәлік берді.

Осы деректерге қарамастан, төреші Довлетов бауырласқа “қулықпен” әскерден жалтарып жатыр деген айып тағып, жергілікті абақтыға жаптырды. Жақын арада ол Лебап облысындағы шөлді жерде орналасқан Сейди қатаң еңбекпен түзету лагеріндегі тоғыз бауырластың қасына қосылады деп күтілуде. Сердар бауырлас бұл үкімге шағымданатын болады.

Түрікменстандағы бауырластар әділетсіздікке кезігіп жатқандықтан, біз Ехобаның оларды адалдықтарынан таймай, батыл болғандары үшін қолдап-демеймін деген уәдесіне кәміл сеніп, олар үшін дұға ете береміз (Зәбүр 37:18, 24).