Мазмұнға өту

Харьковтағы бауырластарымыз бомбалау кезінде бір жерді паналап отыр

3 НАУРЫЗ, 2022
УКРАИНА

Украинадағы әскери іс-қимыл кезінде бауырластар бір-бірін тастамады

Украинадағы әскери іс-қимыл кезінде бауырластар бір-бірін тастамады

24 ақпан, 2022 жылы Ресей әскері Украинаға басып кірді. Украинада 130 000-ға жуық Ехоба куәгері бала-шағасымен бірге тұрады. Сол елдің филиал комитеті бауырластарға гуманитарлық көмек көрсету үшін 27 Төтенше жағдайлар комитетін (ТЖК) құрды. Осындай қиын шақта Украинадағы бауырластар жан жылуын аямай, бір-бірін және көрші-қолаңдарын жұбатып, түрліше жәрдем беріп келеді.

Бауырластардың басымы елде қалса, кейбірі кетуді ұйғарды. Босқындар ұзын-сонар (шамамен 30 километр) кезекте тұрып, шегарадан өту үшін 3-4 күн күтуге мәжбүр. Сол жақтағы жергілікті бауырластар кезекте тұрған бауырластарды іздеп тауып, су, тамақ және басқа да қажеттісін жеткізіп жатыр. Босқындарды шегараның ар жағында jw.org деген жазуды ұстап тұрған Куәгерлер күтіп алды. Оларды жылы құшақтарына басып, жандарына сая болды. Керек-жарақтарын да берді.

Польшадағы (сол жағында) және Словакиядағы (оң жағында) әйел бауырластар Украинадан бауырластарды қарсы алып жатыр

Бауырластарымыз жайлы ақпарат

  • Құлағы естімейтін Петро Мозуль бауырлас. Ол қызмет көмекші еді. Харьковты бомбалау кезінде қайтыс болды

    Өкінішке қарай, 1 наурызда Харьковты бомбалағанда құлағы естімейтін 1 ер бауырлас қайтыс болды, ал әйелі ауыр жарақат алды.

  • Тағы 3 әйел бауырлас жарақат алды.

  • 5000-нан көп жариялаушы үйлерін тастап кетті.

  • 2 үй қирады.

  • 3 үйге қатты зақым келді.

  • 35 үйге кішігірім зақым келді.

  • 2 Патшалық сарайына зақым келді.

  • Көп Ехоба куәгері жарықсыз, жылусыз, телефонсыз және сусыз қалды.

Көрсетілген көмек

  • Украинада 27 Төтенше жағдайлар комитеті құрылды.

  • Осы комитеттер 867 жариялаушыны қауіпсіз жерге жайғастырды.

  • Комитеттер бауырластарды қажетімен, соның ішінде тамақ және сумен қамтамасыз етіп жатыр.

Бұл соңғы деректер емес.

Қиын жағдайда бауырластарымызға даналық пен түсінік серік болсын деп Құдайға ыстық дұға етеміз. Осындай тұрақсыз уақытта араларындағы сүйіспеншілік лайым тұрақты бола бергей! (Нақыл сөздер 9:10; Салоникалықтарға 1-хат 4:9).