Мазмұнға өту

Хенераль-Сантоста (Филиппин) жерсілкінісінен қираған сауда орталығы

23 ҚАРАША, 2023
ФИЛИППИН

Филиппиннің оңтүстігінде болған қатты жерсілкінісі

Филиппиннің оңтүстігінде болған қатты жерсілкінісі

2023 жылдың 17 қарашасында Филиппиннің оңтүстігінде магнитудасы 6,7 балды құраған су асты жерсілкінісі болды. Дүмпулер Минданао аралының оңтүстігінде 26 шақырымдай жерде орын алды. Давао ауданындағы, Хенераль-Сантос қаласы мен Сарангани провинциясындағы үкімет ғимараттарына, мектептер, сауда орталықтары мен көптеген тұрғын үйлерге зақым келді.

Бауырластарымыз жайлы ақпарат

  • Өкінішке қарай 1 әйел бауырлас көз жұмды

  • 10 ер және әйел бауырлас жарақат алды. Олардың арасында аудандық бақылаушының әйелі де бар. Ол ауруханаға жатқызылды, қазір ахуалы тұрақты

  • 4 үй қатты зақымдалды

  • 4 үйге кішігірім зақым келді

  • 2 Патшалық сарайына да кішкене зақым келді

Көмек

  • Зардап шеккендерге көмектесу үшін Төтенше жағдайлар комитеті құрылды

  • Аудандық бақылаушылар мен ақсақалдар апаттан жапа шеккендерді жұбатып, қолдау көрсетуде

Біз жерсілкінісінен зардап шеккен бауырластарымыз үшін дұға етеміз, сондай-ақ оларды қамқорлап жатқан жандарға рақмет айтамыз. Біздер қиын, тұрақсыз заманда өмір сүріп жатсақ та, Жартасымыз Ехоба бәріне төзуге күш беретініне сенімдіміз (Самуилдің 1-жазбасы 2:2).