Мазмұнға өту

12 ҚЫРКҮЙЕК, 2023
ЧИЛИ

Чилидің оңтүстігін су басты

Чилидің оңтүстігін су басты

2023 жылдың 19 бен 23 тамыз аралығында Чилидің оңтүстігінде сұрапыл дауыл тұрып, су тасқыны болды. Бір өкініштісі, дәл сол аймақта 2023 жылдың маусым айында да бауырластар тура сондай апаттан жапа шеккен болатын. Кейбір мәліметтерге сай, соңғы онжылдықта сол аймақта мұншалықты көп жауын-шашын болмаған. Тынық мұхитындағы су температурасының көтерілуінің және Эль-Ниньо деп аталатын құбылыстың кесірінен нөсерлі жаңбыр көбейіп, су тасқыны болды. Шамамен 25 000 үйге зақым келді, кейбірі қирап қалды. Кем дегенде 3 адам қайтыс болды.

Бауырластарымыз жайлы ақпарат

  • Қауым кездесуі өтетін ер бауырластың үйіне зақым келді

    Ешбір бауырлас жарақаттанбады, бәрі дін аман

  • 225 бауырлас эвакуацияланды

  • 13 үйге әжептеуір зақым келді

  • 38 үйге кішігірім зақым келді

  • 3 Патшалық сарайына және кездесу өтетін ер бауырластың үйіне кішігірім зақым келді

Көрсетілген көмек

  • Аудандық бақылаушылар мен ақсақалдар жапа шеккен аймақтарда тұратын бауырластарға рухани жағынан да, іс жүзінде де көмек көрсетіп жатыр

  • Көмек көрсету үшін 2 төтенше жағдайлар комитеті құрылды

Біз Чилидегі жапа шеккен бауырластар үшін дұға етеміз әрі Құдай Патшалығы билік еткенде бұндай табиғи апаттар болмайтын кезді асыға күтеміз (Ишая 32:18).