Мазмұнға өту

17 МАМЫР, 2017
ҚАЗАҚСТАН

Қазақстан ауыр науқасқа шалдыққан Ехоба куәгерін түрмеге қамап, ғибадатына тыйым салды

Қазақстан ауыр науқасқа шалдыққан Ехоба куәгерін түрмеге қамап, ғибадатына тыйым салды

АЛМАТЫ, Қазақстан. 2017 жылдың 2 мамырында Астанадағы сот Теймур Ахмедовты бейбіт Киелі кітаптық ағарту ісін жүргізгені үшін бес жылға соттады. Сот бұл ісін “дінаралық алауыздық тудыру, бір діннің екіншісінен артықшылығын насихаттау” деп тапты. Бас бостандығынан айырумен қатар, судья оның Киелі кітаптық ағарту ісіне қатысуын үш жылға шектеді. 61 жастағы Ахмедов мырза үйленген, әрі оның үш ұлы бар. Қан кететін ісікке шалдыққандықтан, сот шешімі оның өмірін қауіпке тігіп отыр. Сот оның қажетті медициналық жәрдем алуына жол бермеуде. Ахмедов мырза сот шешіміне шағым бермекші. Оның шағымы мамыр айының соңында не маусым айының басында қаралмақ.

2017 жылдың 18 қаңтарында Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ахмедов мырзаны қамаққа алып, ҚР Қылмыстық кодексінің 174(2)-бабы бойынша айыптады (бұл баптың мағынасы ауқымды). Ахмедов мырза бірнеше айға қамаққа алынып, медициналық көмектен ада қалды. Ехоба куәгерлерінің дүниежүзілік бас басқармасының өкілі Давид Симонян былай дейді: “Ел-елдегі Ехоба куәгерлері Теймурдың жағдайы үшін қатты алаңдаулы. Биліктегілер негізі жоқ айыптарды жоққа шығарады және осы бір адал әрі заңға бағынатын сенушінің отбасымен қайта қауышуына әрі аса зәру болып отырған медициналық көмек алуына рұқсат береді деп үміттенеміз”.

Ехоба куәгерлері Астанадағы соттың әрекеттерінен Қазақстанның Ресейдегі діни қудалаушылыққа еліктеп жатқанын көріп отыр. Ресей Федерациясының Жоғарғы соты Ресейдегі Ехоба куәгерлерінің орталығының жұмысын тоқтатқан болатын. Симонян мырза былай деп түсіндірді: “Дәл Ресейдегі Ехоба куәгерлерінің жағдайы сияқты, Теймур Ахмедов те терроризмге қарсы күреске бағытталған заңның құрбанына айналды. Бұл заң біздің ғибадатымызға қателікпен қолданылып отыр. БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитеті де, АҚШ-тың Халықаралық діни сенім бостандығы жөніндегі комиссиясы да Қазақстан елін әлгі заңдар бойынша бейбіт сенушілерді қудалауын доғаруға шақырды”. Сөзінің соңында ол былай деді: “Біз бүкіл Қазақстандағы сенуші бауырластарымыз үшін уайымдаймыз. Дүниежүзі бойынша қоғамға пайдасы тиіп жатқан Киелі кітаптық ағарту ісі үшін олар енді қуғын-сүргін көрмейді деп үміттенеміз. Біз бұл сот ісінің қалай өрбитінін мұқият бақылайтын боламыз”.

Байланысу:

Халықаралық: Давид Симонян, Қоғамдық ақпарат бюросы, +1-845-524-3000

Қазақстан: Бекзат Смағұлов, +7-747-671-45-01