Мазмұнға өту

21 ЖЕЛТОҚСАН, 2017
ҚАЗАҚСТАН

Қазақстандағы Жоғарғы сот Теймур Ахмедовтың шағымын қабылдамады

Қазақстандағы Жоғарғы сот Теймур Ахмедовтың шағымын қабылдамады

2017 жылдың 4 желтоқсанында Қазақстандағы Жоғарғы сот Теймур Ахмедовтың шағымын қабылдамады. Ол заңсыз діни іс-шараға қатысты деп әділетсіз айыпталған еді. Ал, шындығында, ол жай ғана өзінің сенімі туралы бөліскен болатын. Ұлттық қауіпсіздік полициясы қылмыстық жауапкершілікке тартпақ болып, Ахмедов мырзаны қасақана арандатқан. Содан ол 2017 жылдың 18 қаңтарынан бері қамауда отыр. Мамыр айында аудандық сот оны кінәлі деп тауып, бес жылға бас бостандығынан айырды. Бұл шешімді 2017 жылдың 20 маусымында өткен апелляциялық сот сол күйі күшінде қалдырды.

Жоғарғы сот Ахмедов мырзаның шағымын қарастырғанда, БҰҰ-ның Негізсіз қамауға алу бойынша жұмыс тобының шешімін қабылдамады. Бұл шешімде Қазақстан үкіметі Ахмедов мырзаны әділетсіз қамауға алғаны үшін, оның дін бостандығын аяқасты еткені үшін айыпталған болатын. Денсаулығы мүшкіл болса да, Ахмедов мырза Құдайға деген адалдығы мен сенімін жоғалтқан емес. Осы күнге дейін табыссыз болып келе жатса да, азат етілуі үшін жасалып жатқан барлық шаралар үшін ол дән риза. Әрі дүниежүзі бойынша бір сенімді ұстанатын достарының айтып жатқан дұғаларына алғысын білдіреді.