4 ШІЛДЕ, 2017
ҚАЗАҚСТАН
Қазақстандағы үкімет Ехоба куәгерлерінің діни орталығының ісін тоқтатпақ
2017 жылдың 29 маусымында Қазақстан соты Алматыдағы Ехоба куәгерлері филиалының қызметін 3 айға тоқтатып, оған шамамен 680000 теңге (2107 АҚШ доллары) айыппұл салу туралы шешім шығарды.
Соттың бұл шешіміне дейін 2017 жылдың 17 мамырында билік өкілдері филиалға рейд жүргізген. Бетперде киіп алған 40 шақты қарулы қызметкер филиал аймағына еніп келіп, жұртшылықты елеңдеткен. Ехоба куәгерлері бұл әрекетке қарсы шағым бермекші.
2017 жылдың 5 маусымында полиция қызметкерлері филиал аймағында тексеру жұмысын жүргізіп, кейбір келісімшарттар бұзылды деп тапқан. Куәгерлер тексеріс кезінде құқық бұзушылық орын алғанын және тексеріс нәтижесімен келіспейтіндерін айтып отыр.
Қазақстанда осылай өрбіген жағдай Ресейдегі жағдайды еске салады. Ол жақтағы үкімет Ехоба куәгерлерінің ісіне тыйым салып, олар діни төзімсіздікке және полицияның қорқытып, сес көрсетуіне ұшырап отыр. Ресейдегі Куәгерлер 29 маусымда шығарылған сот шешіміне арыз түсірді. Ол 2017 жылдың 14 шілдесінде қаралмақ.
Байланысу:
Халықаралық: Давид Симонян, Қоғамдық ақпарат бюросы, +1-845-524-3000
Қазақстан: Бекзат Смағұлов, +7-747-671-45-01