Мазмұнға өту

2 СӘУІР, 2019
ҚАЗАҚСТАН

Қазақстандағы Ехоба куәгерлері ашық есік күндерін өткізді

Қазақстандағы Ехоба куәгерлері ашық есік күндерін өткізді

2018 жылдың 11 мамыр мен 10 қараша аралығында Қазақстандағы Ехоба куәгерлері ел бойынша жеті қалада ашық есік күндерін өткізді. Бұл іс-шараның арқасында көпшілікпен қатар билік басшылары, тілшілер мен профессорлар да Ехоба куәгерлерімен жақын танысты. Жалпы есеппен бұл ашық есік күндеріне 1500-ден астам адам келді.

Ашық есік күндері өткен қалалар: 1) Өскемен; 2) Қарағанды; 3) Қостанай; 4) Семей; 5) Шымкент; 6) Талдықорған және 7) Тараз.

Ашық есік күндері Өскемен, Қарағанды, Қостанай, Семей, Шымкент, Талдықорған және Тараз қалаларындағы Патшалық сарайларында өтті. Келген қонақтар Қазақстандағы Ехоба куәгерлерінің 1892 жылы бастау алған тарихын егжей-тегжейлі баяндайтын стенділерді тамашалады. Бұл стенділер соңғы жылдардағы жеткен жетістіктерімізге де ерекше назар аударды. Солардың бірі — 2014 жылы қазақ тілінде жарық көрген “Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы”.

Қазақстан филиалының Заң бөлімі мен қоғамдық ақпарат бөлімшесінде қызмет ететін Смағұлов Бекзат бауырлас бұл іс-шараның пайдалы тұстарына назар аударып былай деді: “Адамдар ашық есік күндерін өткізгенімізді жақсы қабылдады. Осы іс-шараның арқасында олар біз жайлы тура мәлімет алды. Беделді қонақтардан Діни істер басқармасының қызметкерлері болды, сондай-ақ “Қазақстан-Өскемен” телеарнасының, “Рудный Алтай” және “Вести Семей” газеттерінің тілшілері де келді”.

Алматы облысының әкімшілік орталығы Талдықорған қаласында өткен ашық есік күндеріне облыстық діни істер басқармасының басшысы мен сол басқарманың тағы екі қызметкері келді. Қонақтардың арасында “Диалог Жетысу” газетінің бас редакторы да болды. Ол кейін біздің осы іс-шарамызға қатысқан еріктілерден алған сұхбатының негізінде мақала басып шығарды.

Жалпы алғанда, ашық есік күндерінде елдің негізгі екі тілі — қазақ және орыс тілінде “Жаңа дүние аудармасының” 560-тан аса данасы таратылды. Біз осы іс-шараның нәтижелі өтіп, Ехобаға мадақ әкелгеніне және адамдарға біздің “игі істерімізді” көруге жағдай жасағанына өте ризамыз (Матай 5:16).

 

Қарағанды қаласында өткен ашық есік күнінде Сәния Ахметжанова бауырласымыз құлағы естімейтін ерлі-зайыптымен ым тілінде сөйлесіп жатыр. Бауырласымыз біздің ұйым құлағы естімейтін адамдарға да Киелі кітаптан білім беретінін түсіндіріп жатыр.

Қарағанды қаласындағы ашық есік күнінде екі балақай “Балаларыңды қорғаңдар” деген мультфильмді орыс тілінде көріп жатыр.

Қарағандыдағы ашық есік күнінде Гладышев Лев бауырлас билік өкілдеріне Қазақстандағы Ехоба куәгерлерінің тарихын баяндап жатыр. Олардың арасында Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы Құдайберген Бексұлтанов, Діни ахуалды сараптау бөлімінің бас маманы Николай Сәрсенбаев және Діни істер басқармасының басшысы Нұрлан Бикенов болды.

Талдықорғанда өткен ашық есік күнінде Айша Яковлева бауырлас бір ерлі-зайыптыға JW Library® қосымшасын қалай қолдануды көрсетіп жатыр.

Тараз қаласындағы ашық есік күнінде Алексей Алёшин бауырлас келген қонақтарға тарих бойы Құдай есімі әдеби шығармалар мен түрлі артефактілерде кездескенін көрсетіп жатыр.

Өскеменде өткен ашық есік күнінде Сергей Петкевич бауырлас орыс тіліндегі “Күзет мұнарасы” журналының ескі санын қолына ұстап тұрып, Қазақстандағы Ехоба куәгерлерінің тарихын түсіндіріп жатыр. Осы іс-шараға келген қонақтардың ішінде “Единство” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сергей Лебедев те болды.

Қостанайда өткен ашық есік күнінде Георгий Писменой бауырлас (оң жақта) қонақтармен әңгімелесіп тұр. Оларға арнайы видео көрсетілді. Онда 1982 жылы қостанайлық үш ер бауырласымыз бен бір әйел бауырласымызға әдебиеттерді үйлерінде ұстады, оларды басып шығарып, таратты деген айып тағылғаны жайлы айтылады. Ол кез әдебиеттерімізге тыйым салынған уақыт еді. Екі жарым жылға еңбекпен түзету лагеріне кесілген сол үш ер бауырластың біреуі — Георгий бауырласымыздың өзі. Ол қонақтарға түрмеде көрген өмірі жайлы айтып берді.

Шымкент қаласында өткен ашық есік күнінде қонақтарға арнап музыкалық аспаптармен әуен ойналды. Сол аспаптардың бірі — домбыра (сол жақ шетте және оң жақ шетте).

Қарағанды қаласында ашық есік күнін өткізуге үлес қосқан ерікті бауырластар.