Мазмұнға өту

Сол жақта: 2024 жылдың 26 қыркүйегінде Мексика шығанағында көтерілген “Хелен” дауылы; оң жақ жоғарыда: Сваннаноадағы суға батқан Патшалық сарайы (Солтүстік Каролина штаты, АҚШ); оң жақ төменде: Ашвиллдегі бір ер бауырластың қирап тұрған үйі (Солтүстік Каролина штаты)

3 ҚАЗАН, 2024
ҚҰРАМА ШТАТТАР

АҚШ-тың оңтүстік-шығысына аяусыз соққы берген “Хелен” дауылы

АҚШ-тың оңтүстік-шығысына аяусыз соққы берген “Хелен” дауылы

2024 жылдың 26 қыркүйегінде Мексика шығанағында бұлқына көтерілген “Хелен” дауылы (4-санат) Флорида штатының (АҚШ) жағалауына соққы берді. Бұл сұрапыл дауыл нөсерлі жаңбыр мен ұйытқыған желге бастау берді. Желдің жылдамдығы сағатына 225 шақырымға дейін жетті. 27 қыркүйекте “Хелен” дауылы елдің ішкі жағына еніп, Джорджия штатын жайпады. Бұл жолы желдің жылдамдығы сағатына 95 шақырым болды. Келесі күні солтүстікке қарай бет алған асау дауыл оңтүстік Каролинаны алқымдап, кем дегенде, үш торнадоға бастау берді. Дауыл солтүстік Каролинаға жеткенде, кейбір қалаларда жауын мөлшері 90 сантиметрге дейін көтерілді.

Шелектеп құйған жаңбыр мен қатты желдің кесірінен су тасып, үйлер, ғимараттар мен жолдардың астан-кестені шықты. Миллионнан аса адам электр қуатынсыз қалды. Кем дегенде, 180 адам қайтыс болды.

Бауырластарымыз жайлы ақпарат

  • Өкінішке орай, 3 ер бауырлас қаза тапты

  • 7 жариялаушы азын-аулақ жарақат алды

  • 1606 жариялаушы үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды

  • 29 үй қирап қалды

  • 236 үйге үлкен зақым келді

  • 779 үйге кішігірім зақым келді

  • 1 Патшалық Сарайына айтарлықтай зақым келді

  • 19 Патшалық Сарайына азын-аулақ зақым келді

Көрсетілген көмек

  • Аудандық бақылаушылар мен жергілікті ақсақалдар дауылдан жапа шеккендерге рухани қолдау көрсетіп, керек-жарақтарымен қамдап жатыр

  • Көмек көрсету шараларын ұйымдастыруға 2 Төтенше жағдайлар комитеті тағайындалды

Табиғаттың осы тосын қылығынан өмірінен айырылған адамдар үшін жүрегіміз ауырады. Бірақ Ехобаның берген уәдесі бізге еңсемізді түсірмеуге көмектеседі. Болашақта барлық адамзат “қауіпсіз өмір кешіп, ешбір пәледен қорықпай, алаңсыз жүретін” кез келеді (Нақыл сөздер 1:33).