17 ҚАЗАН, 2024
ҚҰРАМА ШТАТТАР
Флоридаға соққы берген “Милтон” дауылы
Мексика шығанағында көтерілген “Милтон” дауылы 2024 жылдың 9 қазанында Флорида штатының (АҚШ) жағалауына жетіп, елге айтарлықтай кесірін тигізді. “Хеленнен” кейін екі апта болмай көтерілген бұл дауыл жергілікті тұрғындарға жығылғанға жұдырық боп тиді. Ұйытқыған желдің жылдамдығы сағатына 289 километрге дейін жетті. Жағалаудағы бірнеше аймақта жауын-шашын мөлшері 45 сантиметрге дейін жетті. 3 метрге дейін көтерілген дауылдың салдарынан елді жаппай су басты.
Бұған қоса, “Милтон” дауылының салдарынан Флорида штатының оңтүстік және орталық аймақтарында 38 торнадо көтерілді. Бұл елге зор зардап әкелді: шамамен 80 000-ға жуық адам электр қуатынсыз қалды; кем дегенде, 24 адам қаза болды.
Бауырластарымыз жайлы ақпарат
Бауырластарымыздың ешбірі қайтыс болмады
2 жариялаушы айтарлықтай жарақат алды
4 жариялаушы кішігірім жарақат алды
9949 жариялаушы қауіпсіз жерге көшірілді
16 үй қирап қалды
235 үйге айтарлықтай зардап келді
1398 үйге жеңіл-желпі зардап келді
1 Патшалық сарайына кішігірім зардап келді
Электр қуатынсыз қалған 30 Патшалық сарайы бүгінгі күні қолданылып жатқан жоқ
Көрсетілген көмек
“Милтон” дауылынан екі күн бұрын ғана Құрама Штаттардағы филиал дауыл соққан аумақтардағы 800 қауымға хат жіберген болатын. Хатта басқа жерге көшіп кетуді шешкен адамдарға пайдалы мәлімет айтылды
Аудандық бақылаушылар мен жергілікті ақсақалдар “Хелен” мен “Милтон” дауылынан зардап шеккен бауырластарды рухани жағынан қолдап, керек-жарақтарымен қамдап жатыр
Қос дауылдан зардап шеккендерге көмектесу үшін 3 Төтенше жағдайлар комитеті құрылды
Джорджия мен Оңтүстік Каролина штаттарындағы жүздеген Куәгерлер қашып келген бауырластарды өз елдерінде жылы қабылдады
Жойқын дауылдардан зардап шеккен бауырластарға ыстық сүйіспеншілігімізді білдіріп, Ехоба “пана әрі қорғаныш” бола берсін деп дұға етеміз (Ишая 4:6).