Мазмұнға өту

22 ҚАРАША, 2023
ҮНДІСТАН

“Матай жазған ізгі хабар” никобар тілінде жарық көрді

“Матай жазған ізгі хабар” никобар тілінде жарық көрді

2023 жылы 10 қарашада Порт-Блэр қаласында өткен “Шыдамды болайық!” атты аймақтық конгресте “Матай жазған ізгі хабар” никобар тілінде жарық көрді. Бұл конгреске Үндістандағы Андаман және Никобар аралдарынан келген 180 адам қатысты. Бұл кітаптың шыққаны хабарлана салысымен-ақ ол электронды форматта қолжетімді болды. Жақын арада баспа жүзінде де дайын болады.

Үнді мұхитында орналасқан Андаман және Никобар аралдары жалпы алғанда 800-ден аса аралдан тұрады. Соның ішінде тек 31 аралда ғана адам тұрады. Осы аралдарда 430 000 адам тұрса, оның 30 000-ы никобар тілінде сөйлейді. Никобар тіліндегі алғашқы қауым 2001 жылы құрылды. Бүгінде бұл тілде 129 жариялаушыдан тұратын үш қауым бар.

Никобар тілінде бір ғана толық Киелі кітап бар. Онда Ехоба деген есім Зәбүр 83:18 сияқты бірнеше тармақтарда ғана кездеседі, ал Матай кітабында мүлде жазылмаған. Алайда Матай кітабының жаңа аудармасы түсінуге жеңіл әрі анық. Ал ең маңыздысы, онда Құдай есімі 18 рет кездеседі.

Жақында шыққан Матай кітабы никобар тілінде сөйлейтін көптеген адамға барлық тіршілікке бастама берген Ехобаға жақындай беруге көмектесетініне сенімдіміз (Зәбүр 36:9).