Мазмұнға өту

28 ҚАРАША, 2023
ҮНДІСТАН

“Мәсіхшілердің грек жазбалары. Жаңа дүние аудармасы” конкани (латын) тілінде жарық көрді

“Мәсіхшілердің грек жазбалары. Жаңа дүние аудармасы” конкани (латын) тілінде жарық көрді

2023 жылы 17 қарашада “Мәсіхшілердің грек жазбалары. Жаңа дүние аудармасы” конкани (латын) тілінде жарыққа шықты. Бұл туралы 2023 жылы Үндістанның Маргао қаласында өткен “Шыдамды болайық!” деп аталатын 413 адам қатысқан аймақтық конгресте хабарланды. Аударманың баспа түріндегі нұсқасы алдағы уақытта қолжетімді болады.

Үндістанның батыс жағалауында тұратын үш миллионнан аса адам конкани тілінде сөйлейді. Бұл тілдің бес түрлі әліпбиі бар. Үндістанның Гоа штатындағы шамамен 500 000-дай тұрғын конкани (латын) әліпбиін қолданады. Қазіргі таңда 400-ден аса жариялаушы конкани (латын) тіліндегі жеті қауымда қызмет етеді. Бұған дейін конкани (латын) тілінде Киелі кітаптың тек бір ғана басқа аудармасы болған еді.

Осы жаңа аударманың тілі анық та егжей-тегжейлі болғанның арқасында Ехобаның қасиеттерін түсіну оңай болды. Бір бауырлас былай деді: “Осыған дейінгі аудармада Исаның Жохан 21:17-дегі сөздері “қойларыма азығын бер” деп берілген еді. Ал “Жаңа дүние аудармасында” бұл сөздер “қозыларыма азығын бер” деп берілді. Осы аударма маған Ехоба мен Исаның өздеріне мойынсұнатын жандарға қаншалықты жүректері елжіреп тұратынын сезінуге көмектесті”.

Осы жаңа аударма үшін Ехобаға ризашылығымыз шексіз. Соның көмегімен әлі де көп адам Ехобаның тамаша қасиеттерін танып, онымен достасқысы келетініне сенімдіміз (Зәбүр 25:14).