1 ҚАРАША, 2023
ҮНДІСТАН
Үндістандағы Куәгерлер жарылыстан кейін бір-бірін демеп жүр
Жақында jw.org сайтында шұғыл жаңалықтарда жазылғандай, 29 қазан, жексенбі күні Керала (Үндістан) қаласында аймақтық конгресс кезінде бірнеше жарылыс болды. Өкінішке қарай, жарылыс кезінде қайтыс болған 2 әйел бауырластан бөлек 12 жасар жеткіншек қыз да жарақаттан қайтыс болды. Ал 55 бауырлас жарақат алса, кейбірі қатты күйіп қалған.
Қазір 3 әйел бауырлас пен 2 ер бауырлас ауруханада ауыр халде жатыр. Билік өкілдері сол күні шамамен сағат 09:40-та алғашқы дұға кезінде, кем дегенде, 3 бомба жарылғанын растап отыр. Осындай сұмдық әрекетке барған күдікті ұсталды, тергеу ісі жүріп жатыр.
Конгресс өтіп жатқан жерге тез арада келген жедел жәрдемге және аурухана қызметкерлеріне алғысымыз шексіз. Конгреске қатысқандар бауырластардың қамқорлығы мен сүйіспеншілігін көріп, қатты әсерленді. Бомба жарылғанын көрген бір әйел бауырлас былай дейді: “Мен бірден Ехобаға дұға ете бастадым. Сол жердегі бауырластар бізді, біздің аман-саулығымызды ойлап жылдам әрекет етті. Сол кезде мен Ехобаның сүйіспеншілігі мен қамқорын ерекше сезіндім”.
Үндістанның филиал өкілі, аудандық бақылаушылары және жергілікті ақсақалдар рухани көмекті де, керек-жарақты да аямай беріп жатыр. Жарылыстан зардап шеккендерге жұбаныш беру үшін Бетелден Кералаға барған бір ақсақал байқағанын айтып берді: “Бұл өте ауыр жағдай. Жаныңды да, тәніңді де сыздатады. Бірақ жапа шеккен бауырластар ашынып кеткен жоқ, қайта, олар оң көзқарас танытып жатыр. Мен көп бауырласпен сөйлестім, олардың Ехобаға арқа сүйеп жатқандарын көрдім. Оларға қарап, менің өз сенімім нығайып қалды”.
Дүниежүзіндегі бауырластар Үндістандағы қайғылы жағдайға душар болған барлық бауырлас үшін, әсіресе жақындарынан айырылғандар үшін талмай дұға айтып жатыр. Зорлық-зомбылық, қайғы-қасірет пен өлім болмайды деген Құдайдың уәдесі ғана бізге жұбаныш пен тыныштық сыйлайды. Біз әрі қарай да толықтай тек Ехобаға сенім артамыз (Зәбүр 56:3).