10 АҚПАН, 2017
ӘЗІРБАЙЖАН
Әзірбайжанның Жоғарғы соты Ирина Захарченко мен Валида Жәбрейіловаға тағылған айыпты жоққа шығарды
2017 жылдың 8 ақпанында Әзірбайжанның Жоғарғы соты үкіметтің рұқсатынсыз діни әдебиеттер таратқаны үшін айыпталған Ирина Захарченко мен Валида Жәбрейілованы жазықсыз деп тапты. Жоғарғы соттың қылмыстық істер алқасының судьясы Хафиз Насибов екі Куәгер әйелдің әрекетінен еш қылмыс таппағанын хабарлап, төменгі сот инстанциясының шешімін жоққа шығарды.
Тыңдау барысында қорғаушылары Захарченко мен Жәбрейіловаға үкімет тарапынан көрсетілген негізсіз, қатыгез әрекеттер адам құқығын таптайтынына назар аударды. Судья екі әйелге сотқа дейінгі 11 айдан астам уақыт қамауда отырған кезде бастарынан не кешкенін және мұның салдары қандай болғанын айтып беруге мүмкіндік берді.
Халықаралық адам құқығын қорғау жөніндегі заңгер Джейсон Уайз былай деді: “Жоғарғы соттың қылмыстық істер алқасының тағылған айыпты жоққа шығарғанына өте қуаныштымыз. Жоғарғы сот төменгі сот инстанциясының шешімін жоққа шығаруы — Әзірбайжандағы Ехоба куәгерлерінің тарихында бұрын-соңды болмаған прецеденттік жағдай. Баку қаласының Сабаил аудандық соты бұл екі әйелдің өтемақы алу құқығын мойындайды деген үміттеміз”.