Мазмұнға өту

24 ТАМЫЗ, 2018
ӘЗІРБАЙЖАН

Әзірбайжан үкіметі әскерге барудан бас тартқаны үшін бір бауырласымызды айыпты деп тапты

Әзірбайжан үкіметі әскерге барудан бас тартқаны үшін бір бауырласымызды айыпты деп тапты

2018 жылы 6 шілдеде Әзірбайжандағы Барда қаласының аудандық соты Эмиль Мехдиев бауырласымызды бір жылға шартты түрде соттау туралы шешім шығарды. Сот 18 жасар Эмильге әскери қызметтен жалтарып жүр деген айып таққан, бірақ қамауға алмаған. Эмиль полиция қызметкерлерін хабардар етпей өзінің тұрақты мекенжайын ауыстыра алмайды. Сондай-ақ оған Әзірбайжан елінен шығуға тыйым салынған.

2017 жылдың желтоқсан айында Мехдиев бауырлас жұмылдыру мен әскерге шақыру бойынша мемлекеттік қызметтің Барда ауданының бөліміне шақырылған болатын. Бірақ ар-ожданы жібермегендіктен, ол әскерде қызмет етуден бас тартты. Ол өзінің діни көзқарасын түсіндіріп, әскери қызметтің орнына баламалы азаматтық қызмет атқара алатынын айтты. Бірақ Эмильге мұндай қызмет түрінің жоқ екені және оның ісі Барда қаласының аудандық прокуратурасына жіберілетіні айтылды.

Сот бірталай рет тыңдалып, бірталай уақыт қарастырылған соң, Барда қаласының аудандық соты Эмильді айыпты деп тауып, шартты түрде шара қолдануды бұйырды. Эмиль бауырлас түрмеге қамалмаса да, қылмыскер саналады. Әзірбайжан үкіметі ұзақ уақыт бұрын уәде еткен баламалы азаматтық қызмет түрін әлі енгізбегендіктен, Эмиль бауырлас шарасыз күйде.

Эмиль бауырласымыздың сынға толы қиын сәтте бейтараптық сақтап жатқаны бізді қатты қуантады (Петірдің 1-хаты 2:19).