Жаңалықтар
Ресейде билік өкілдері Ехоба куәгерлерінің Конгресс сарайын тартып алды
Конгресс сарайы сот Ехоба куәгерлерінің үлкен ғимараттар кешенін тәркілеуге жол беретін шешім шығарғаннан кейін басып алынды. Санкт-Петербургтің маңындағы бұл ғимараттар кешені Ресейдегі Куәгерлердің іс-шараларын басқару үшін қолданылған болатын.
Әзірбайжан соты Ирина Захарченко мен Валида Жабраиловаға өтемақы төледі
Бакудағы аудандық сот 11 ай әділетсіз қамауда отырған екі Ехоба куәгеріне өтемақы төледі.
Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық Сот Грузияның өз айыбын мойындайтыны туралы арызын қабылдады
Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық Сот (АҚЕС) Грузияның он Ехоба куәгерінің құқығын бұзғанын мойындайтыны туралы арызын қабылдады.
Қазақстан үкіметі Теймур Ахмедовты негізсіз қамауға алғаны үшін кінәлі деп табылды
БҰҰ-ның Негізсіз қамауға алу бойынша жұмыс тобы Қазақстан үкіметін Теймур Ахмедовты қамауға алғаны үшін кінәлі деп тауып, шұғыл босатуды айтты.
Оңтүстік Кореяда моральдық ұстаным бойынша әскерге барудан бас тарту құқығы көпшілік арасында мойындалды
Конституциялық соттың шешімі мен жаңа заң әлі шығарылмаса да, Оңтүстік Корея моральдық ұстаным бойынша әскерге барудан бас тартуға қатысты көзқарасын өзгертуде.
Ехоба куәгерлерінің Украинадағы филиалында өткен ашық есік күніне билік өкілдері келді
2001 жылдан бері алғаш рет Украинадағы Ехоба куәгерлерінің филиалы 2017 жылдың 2 мамырында көпшілік үшін арнайы ашық есік күнін ұйымдастырды.
Түрлі елден келген делегаттар Ресейдегі бауырластарын апелляциялық сотта қолдады
Басқарушы кеңес үш құрлықтан бауырластар жинап, Мәскеуге жол тартты.
Ресейдің Жоғарғы соты Ехоба куәгерлеріне қарсы шығарған алдыңғы шешімді өз күшінде қалдырды.
Ресейдің Жоғарғы соты Ехоба куәгерлерінің шағымын қабылдамай, 20 сәуірде шығарылған шешімді өз күшінде қалдырды. Куәгерлер әділдік іздеп, Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық Сот пен БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі комитетіне шағым бермек.