Мазмұнға өту

Бетелдік экскурсиялар

Біз сізді филиалдарымызды көруге шын жүректен шақырамыз. Әдетте бұл ғимараттар Бетел деп те аталады. Кейбір филиалдарымызда келушілер өздігінше аралайтын көрмелер бар.

Экскурсиялар қайта ашылды. 2023 жылдың 1 маусымынан бастап көп елдегі филиалдарымызда экскурсиялар қайта өтетін болады. Көбірек мәлімет алу үшін, барғыңыз келген филиалмен байланысыңыз. Егер сізде тест қорытындысы коронавирус барын көрсетсе немесе суық тигеннің я тұмаудың белгілері байқалса, я болмаса жақында коронавируспен ауырған адаммен араласқан болсаңыз, экскурсияға келмеуіңізді сұраймыз.

Бразилия

Экскурсия туралы ақпарат

Өз бетінше аралайтын көрме

Киелі кітап пен оның авторы. Көрме Киелі кітаптың авторы Ехоба Құдайды даңқтайды және онда Киелі кітаптың негізгі тақырыбы Құдай Патшалығына баса назар аударылады. Көрмені аралап, Киелі кітап біздің күнімізге дейін қалай жеткені жайлы және қарсыластардың оны жоюға қанша тырысқанына қарамай Ехоба түпнұсқадағы хабарды қалай өзгеріссіз сақтағаны жайлы білесіз.

Тарихи көрме. Бұл көрмеде Бразилиядағы уағыз ісін Ехоба 120 жылдан астам уақыт бойы қалай жарылқап келгені көрсетіледі. Келушілер Бразилиядағы ісіміздің қарсылықтар мен қуғын-сүргінге қарамай қалай басталып, қалай қарқын алғаны жайлы соңғы тарихи зерттеулерді көре алады.

Мекенжайымыз бен байланыс нөміріміз

Картадан қарау