Неліктен Ехоба куәгерлері жиналатын жерлерін Патшалық сарайы деп атайды?
Бұлай аталуының бірнеше себебі бар:
Жиналатын жеріміз — сарай немесе бас қосатын орын;
Біз Киелі кітапта баяндалатын Ехоба Құдайға мінажат ету үшін, ол туралы куәлік ету үшін жиналамыз (Забур 83:18; Ишая 43:12);
Сондай-ақ Иса пайғамбар жиі айтқан Құдай Патшалығы туралы көбірек білу үшін бас қосамыз (Матай 6:9, 10; 24:14; Лұқа 4:43).
Сізді жақын маңдағы Патшалық сарайына келіп, Ехоба куәгерлерінің кездесулері қалай өтетінін өз көзіңізбен көріп кетуге шақырамыз.