Неге Ехоба куәгерлері кейбір діни ілімдерін өзгертеді?
Біздің діни ілімдеріміз тек Киелі кітапқа негізделеді. Сондықтан Жазбаларды тереңірек білген сайын, ілімдеріміз де өзгеріп жатады a.
Мұндай өзгерістер Киелі кітапта жазылған келесідей сөздерге сай келеді: “Әділдің жолы таң шапағы іспетті, Тал түс болғанша жарқырай түседі” (Нақыл сөздер 4:18). Күн ұясынан шыққанда, айнала бірте-бірте айқын көріне бастайды. Сол сияқты Құдай да өз Сөзінің мәнін бірте-бірте, өз уақытысында ашады (Петірдің 1-хаты 1:10—12). Киелі кітапта алдын ала айтылғандай, Құдай мұны “ақырғы уақытта” тездетті (Даниял 12:4).
Ілімдеріміз өзгергенде таңғалмауымыз және мазаланбауымыз керек. Құдайдың ежелдегі қызметшілері де бұрыс ой түзген, жаңсақ үміттері де болған. Оларға көзқарастарын түзету қажет болған. Солардың кейбір мысалы:
Мұса Құдай белгілеген уақыттан 40 жыл бұрын өзін Исраил халқының құтқарушысы болуға дайын деп санаған (Елшілердің істері 7:23—25, 30, 35)
Иса пайғамбардың елшілері оның өлімі мен қайта тірілуіне қатысты пайғамбарлықты түсінбей жүрді (Ишая 53:8—12; Матай 16:21—23)
Ертедегі мәсіхшілердің кейбірі “Ехобаның күні” қай кезде келетініне қатысты жаңылысты (Салоникалықтарға 2-хат 2:1, 2)
Кейін Құдай олардың қате көзқарастарын түзетті, бізді де қажет болғанда, түзетсін деп дұға етеміз (Жақып 1:5).
a Біз Киелі кітапқа қатысты түсінігіміздің өзгергенін жасыруға тырыспаймыз. Қайта, бұл туралы хабарлап, журнал беттерінде жариялаймыз. Мысалы, онлайн кітапханамызда “жаңа түсініктер” деп теріп көріңіз.