Ехоба куәгерлері не себепті Пасханы тойламайды?
Көп тараған жаңсақ пікірлер
Жаңсақ пікір: Ехоба куәгерлерінің Пасханы тойламайтындарының себебі — олар мәсіхшілер емес.
Шындық: Біз Иса Мәсіхке құтқарушымыз деп сенеміз және “оның ізімен тура жүру” үшін барымызды саламыз (Петірдің 1-хаты 2:21; Лұқа 2:11).
Жаңсақ пікір: Сендер Исаның қайта тірілгеніне сенбейсіңдер.
Шындық: Біз Исаның қайта тірілгеніне сенеміз. Исаның қайта тірілуі — мәсіхшілердің сенімінің негізі және біз өзгелерге уағыздағанда осы жайлы айтамыз (Қорынттықтарға 1-хат 15:3, 4, 12—15).
Жаңсақ пікір: Сендер балаларыңа Пасханы тойлатпай, оларды қуаныштан айырасыңдар.
Шындық: Біз балаларымызды жақсы көреміз, оларға жақсы тәрбие беру үшін әрі олар бақытты болу үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз (Титке 2:4).
Ехоба куәгерлері не себепті Пасханы тойламайды?
Пасха мейрамы Киелі кітапқа негізделмеген.
Иса бізге оның қайта тірілгенін емес, өлімін еске алып тұруды бұйырған. Киелі кітаптың ай күнтізбесіне сай, біз жыл сайын оның өлімін еске алып тұрамыз (Лұқа 22:19, 20).
Біз Пасханың әдет-ғұрыптары ежелгі құнарлылық салт-жораларынан бастау алған деп сенеміз. Сондықтан да бұл мейрам Құдайға ұнамсыз. Құдай бізден оған “қалтқысыз берілгенімізді” талап етеді және ғибадатымызда оған ұнамайтын әдет-ғұрыптардың болғаны оны қорлайды (Мұсаның 2-жазбасы 20:5; Патшалар 1-жазба 18:21).
Біздің Пасханы тойламауымыздың себептері Киелі кітапқа негізделген. Киелі кітап бізді жай ғана салт-дәстүрлерге ермей, “даналық пен саналылық” танытуға шақырады (Нақыл сөздер 3:21; Матай 15:3). Егер әлдебіреу бізден Пасха жайлы ойымызды сұраса, біз көзқарасымызды ашық айтамыз. Алайда әр адамның бұл мәселеде қабылдайтын шешімін құрметтейміз (Петірдің 1-хаты 3:15).