Неге Ехоба куәгерлері патриоттық іс-шараларға қатыспайды?
Ехоба куәгерлері үкіметтерді және олардың ұлттық рәміздерін құрметтейді. Өзгелердің туды дәріптеп, ант беріп, әнұран айтуға құқылы екенін түсінеді.
Алайда Ехоба куәгерлері мұндай рәсімдерге қатыспауды шешкен, өйткені бұл Киелі кітап ілімдеріне қайшы келеді. Біз өзгелердің шешіміне құрметпен қараймыз, бізге де сондай құрмет танытқанды қалаймыз.
Бұл мақалада:
Киелі кітаптың қай принциптері біз үшін негіз?
Біз Киелі кітаптағы мына 2 принципті негізге аламыз:
Құдай ғана ғибадатымызға лайық. Киелі жазбаларда: “Ехоба Құдайыңа ғибадат етіп, тек соған ғана қызмет ет!”— делінген (Лұқа 4:8). Әдетте ұлттық әнұран мен адалдық анттарының сөздерінде еліне, жеріне деген асқақ махаббат уәде етіледі. Сондықтан Ехоба куәгерлері мұндай рәсімдерге қатысуды жөн көрмейді.
Сонымен қатар Ехоба куәгерлері туды дәріптеуді ғибадат етумен немесе пұтқа табынумен тең деп қарастырады. Ал мұндай істерге Киелі кітап тыйым салады (Қорынттықтарға 1-хат 10:14). Кейбір тарихшылардың айтуынша, ұлттық ту, негізінде, діни рәміз болып табылады. Мәселен, тарихшы Карлтон Хейс былай деген: “Ұлтшылдық негізінде дін сияқты. Оның негізгі рәмізі және табынатын басты нысаны — ту” a. Ертедегі мәсіхшілерге қатысты Дэниел Манникс былай деп жазған: “Олар Рим императорының рухына арнап құрбандық әкелуден бас тартқан. Бүгінде бұл — туды дәріптеуден бас тартумен тең әрекет” b.
Ехоба куәгерлері туға тағзым етпесе де, оны қасақана бүлдірмейді, өртемейді я басқа да жолдармен оған құрметсіздік танытпайды.
Құдайдың алдында барлық адамдар тең (Елшілердің істері 10:34, 35). Киелі кітапта айтылғандай, Құдай “бір адамнан күллі халықтарды шығарды” (Елшілердің істері 17:26). Сол себептен Ехоба куәгерлері қандай да бір ұлтты, нәсілді басқаларынан биік қойып, артық көруді дұрыс емес деп санайды. Біз адамдардың шыққан тегі мен тұратын жеріне қарамай, бәрін бірдей сыйлаймыз (Петірдің 1-хаты 2:17).
Патриоттық іс-шараларға қатысуды заң талап етсе ше?
Ехоба куәгерлері үкіметке қарсы шықпайды. Өйткені үкіметке қарсы шығуды “Құдай орнатқан” тәртіпке қарсы шығумен тең санайды (Римдіктерге 13:1—7). Сондықтан олай істеу ойымызға да келмейді, біз, қайта, билік басындағыларға мойынсұнамыз (Лұқа 20:25).
Ал мемлекеттің заңы Құдай істеме деген нәрсені істе десе ше? Кейбір жағдайларда билік басындағыларға заңға өзгеріс енгізуге ресми түрде өтініш жазуға болады c. Ал өзгерту еш мүмкін болмаса, Ехоба куәгерлері адамға емес, “Құдайға мойынсұнуды” таңдайды (Елшілердің істері 5:29).
Ехоба куәгерлері әлеуметтік я саяси ұстанымдарын білдіре ме?
Жоқ, Ехоба куәгерлері әлеуметтік не саяси мәселелерде ешкімді жақтамайды. Рас, біз адалдық антын бермейміз, туды дәріптемейміз, әнұран айтпаймыз, бірақ бұл біздің саяси белсенділер екенімізді білдірмейді. Біз осы рәсімдерге Киелі кітап қалай қараса, солай қараймыз.
a “Essays on Nationalism”, 107, 108-б.
b “The Way of the Gladiator”, 212-б.
c Мысалы, “Сенім мен қайсарлықтың жемісі: 75 жыл бұрын АҚШ-тың Жоғарғы Соты шығарған айтулы шешімі” деген мақаланы қараңыз. шығарған