Ехоба куәгерлері діндерінің шынайы екеніне сенімді ме?
Дінге жеңіл-желпі қарамайтын адам өзі таңдаған діннің Құдайға және Иса пайғамбарға ұнамды екеніне сенімді болуы тиіс. Олай болмаса, неге ол тап сол дінді таңдады?
Иса пайғамбар құтқарылуға жеткізетін діндер де, жолдар да көп деген ойда болмаған. Қайта, ол: “Өмірге апаратын қақпа да, жол да тар. Оны табатындар аз”,— деген (Матай 7:14). Ехоба куәгерлері сол жолды тапқандарына сенімді. Олай болмаған күнде, басқа дінді іздер еді.