Мазмұнға өту

Неге Ехоба куәгерлері өз діні бар адамдарға келе береді?

Неге Ехоба куәгерлері өз діні бар адамдарға келе береді?

Біз белгілі бір дінді ұстанатын адамдардың Киелі кітапқа негізделген әңгімелерді қызыға тыңдайтынын байқадық. Әрине, біз әр адамның қалаған дінді ұстануға деген құқын сыйлаймыз, сондықтан айтып жүрген хабарымызды тыңдауға мәжбүрлемейміз.

Діни тақырыптарға әңгімелескенде, біз Жазбалардағы кеңеске құлақ асып, адамдарға жұмсақтық пен зор құрмет танытамыз (Петірдің 1-хаты 3:15). Рас, кейбіреулер хабарымызды тыңдағысы келмейді (Матай 10:14). Бірақ адаммен сөйлеспесең, оның ойын біле алмайсың ғой. Тағы бір ескеретін жайт — адамдардың жағдайы өзгеріп тұрады.

Мысалы, бірінші рет сөйлескенде, қолы тимей жатқан адам келесі жолы әңгімелесуге ықыласты болуы мүмкін. Бұған қоса, бүгінде адамдар неше түрлі жағдайлар мен қиындықтарға кезігіп жатады. Осының бәрі олардың Жазбалардағы хабарға деген қызығушылығын оятуы мүмкін. Міне, сол себепті біз адаммен бір емес, бірнеше рет жолығуға тырысамыз.