Ехоба куәгерлерінің өздерінің бөлек Киелі кітаптары бар ма?
Ехоба куәгерлері Киелі кітапты зерттеу барысында түрлі аудармаға жүгінеді. Бірақ өз тілдерінде бар болса, “Жаңа дүние аудармасы” олар үшін ерекше бағалы. Неліктен? Себебі онда Құдайдың есімі қолданылады, әрі тура да түсінуге жеңіл етіп аударылған.
Құдай есімінің қолданылуы. Кейбір Киелі кітапты басып шығарушылар оның авторы Құдайдың есімін қолданбауымен оған тиісті құрмет танытпаған. Мысалы, Киелі кітаптың бір аудармасында сол кітаптың шығуына қандай да бір үлес қосқан 70 кісінің есімі жазып, ал оның авторы Ехоба Құдайдың есімін мүлдем жазбай кеткен!
Ал “Жаңа дүние аудармасында” болса, түпнұсқада кездесетін мыңдаған жерде Құдайдың есімін қайта қалпына келтірілген, әрі соны шығарған комитет мүшелерінің есімдері белгісіз болып қалдырылды.
Туралығы. Киелі кітап аудармаларының барлығы оның түпкі хабарын тура жеткізе бермейді. Мәселен, аудармалардың бірінде Матай 7:13-тегі сөздер былай деп аударылған: “Тар қақпадан кіріңдер! Тозаққа апаратын қақпа кең, жол да даңғыл”. Ал түпнұсқа мәтінінде болса, “тозақ” сөзі емес, “жойылу” дегенді білдіретін сөз жазылған. Бұл жерде аудармашылардың “тозақ” деп жазуына, бәлкім, олардың өздерінің зұлым адамдардың бәрі тозақ отында мәңгі жанады деп сенгені әсер еткен шығар. Бірақ бұндай ой-пікір Киелі кітапқа қарама-қайшы келеді. Ал осы жазба орны “Жаңа дүние аудармасында” қалай тәржімеленгеніне қарасақ, онда: “Тар қақпа арқылы кіріңдер, себебі жойылуға апаратын жол кең әрі даңғыл”,— делінген.
Түсінуге жеңіл. Жақсы аударма тек қана тура емес, сонымен қатар түсінуге жеңіл болу керек. Бір мысал қарастырып көрейік. Римдіктерге 12:11-де елші Пауыл қолданған тіркес сөзбе-сөз “рухтың қайнауы” дегенді білдіреді. Бірақ қазақ тілінде “рух қайнады” дегенді түсіну қиын болғандықтан, “Жаңа дүние аудармасында” бұл тіркес “рухтың әсерімен жалындаңдар” деп аударылған.
“Жаңа дүние аудармасында” Құдайдың есімі қолданылғанынан, туралығы мен түсінуге жеңіл болғанынан бөлек оның тағы бір ерекшелігі бар: ол тегін таратылады. Осының арқасында миллиондаған адам, оның ішінде Киелі кітапты сатып алуға мүмкіндігі жоқ адамдар да, Киелі кітапты ана тілдерінде оқи алады.