Мазмұнға өту

Жердің түкпір-түкпіріне трансляцияланған жиын

Жердің түкпір-түкпіріне трансляцияланған жиын

2013 жылдың 5 қазаны, сенбі күні өткен Күзет мұнарасы, Киелі кітап және трактаттар қоғамының (Пенсильвания) 129-шы жылдық жиынына 21 елден 257 294 адам қатысты. Бұл — жиынға келгендер мен интернет арқылы тікелей трансляцияны көргендердің саны. Ал сол аптаның демалыс күндері бағдарламаның бейнежазбасын көрген Ехоба куәгерлерін қоса алғанда, бұл жиынға, жалпы алғанда, 31 елден 1 413 676 адам қатысты. Бұл сан Ехоба куәгерлерінің осыған дейінгі жиындарына қатысушылардың санын басып озды. Мысалы, 2013 жылдың 28 сәуірінде Мексика мен Орталық Америкада өткізілген арнайы бағдарламаны 1 327 704 адам көрген еді.

ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдарынан бері Ехоба куәгерлерінің үлкен жиындары телефон және радио желісі арқылы халықаралық аудиторияға трансляцияланып келді. Ал қазіргі таңдағы ғаламтор желісінің арқасында дүниенің шет-шетіндегі адамдар оқиғаларды дәл болып жатқан уақытында не сәл кейінірек көре де, ести де алады. 1942 жылы Виргиния штатының (АҚШ) Ричмонд қаласында өткен конгресте қатысушылар бағдарламаны телефон желісі арқылы тыңдаған. Сол жиында болған Уильям есімді Ехоба куәгері мұны 2013 жылғы жылдық жиынмен салыстырып былай деді: “Бағдарламаны тыңдап қана қоймай, көзбен көрудің пайдасы көбірек екен. Бұдан алған әсерім салыстыруға да келмейді”.

Ехоба куәгерлерінің бірнеше филиалындағы ерікті қызметшілер осы жылдық жиынның бейне-трансляциясын жасау үшін бір жылдан аса уақыт бойы еңбек етті. Олар бұл жобаға мыңдаған сағат арнады. Осы трансляция жасалған аптада мамандар Бруклиндегі (Нью-Йорк) басқару орталығынан бейнетасымалдау жұмысын бақылап, тәулік бойы кезектесіп қызмет көрсетті, себебі аталмыш бағдарлама 15 түрлі сағаттық белдеуде көрсетілу керек еді. Осы іс-шараны ұйымдастыруға атсалысып, жүзеге асырылуын бақылаған Райан есімді кісі былай деді: “Сол кездері аз ұйықтауға тура келсе де, біз бұның бекер еместігін білдік. Себебі көпшілік осы бағдарламаны тыңдап, игілігін көрмек еді”.

Катерин қаласында бағдарламаны тамашалап отырған көрермендер (Австралия, Солтүстік территориясы)