Римде өткен тагаль тіліндегі конгресс. “Біз бір үйдің балаларындай бас қостық!”
2015 жылы шілде айының 24-і, 25-і және 26-сы күндері тагаль халқының атамекенінен, яғни Филиппин аралдарынан, 10 000 шақырым қашықтықтағы Италияның Рим қаласында тагаль тілінде сөйлейтін мыңдаған Ехоба куәгерлері үшін ерекше конгресс өтті.
Бір есепке сай, қазір Еуропада 850 000-нан астам филиппиндіктер тұрады. Сондықтан қазір Еуропада тагаль тілінде кездесулер өткізіп, осы тілде уағыздайтын Ехоба куәгерлерінің шамамен 60 қауымы мен шағын тобы бар.
Осы айтылған қауымдар мен шағын топтар алғаш рет ана тілінде үш күндік конгресс өткізді. Римде өткен сол конгрестің 3239 қатысушысы кезінде Филиппинде қызмет еткен Басқарушы кеңестің мүшесі Марк Сандерсон бауырластың араларында болғанына қуанышты болды. Сандерсон бауырлас әр күннің соңғы баяндамасын айтып тұрды.
“Бірден жүрегіме жетті”
Конгресс бағдарламасын ана тіліңізде тыңдау мен өзіңіз түсінетін өзге тілде тыңдаудың айырмашылығы бар ма? “Мен кішкене ағылшынша түсінемін,— дейді Ева есімді жалғызбасты ана.— Бірақ конгрестің тагаль тілінде өткізілгеннің арқасында Киелі кітап ілімдері бірден жүрегіме жетті”. Испанияда тұратын бұл әйел екі баласымен Италияға жол жүру үшін, қаражатты үнемдеген екен. Бұл үшін олар бір сүйікті дәмханасына әдеттегідей апта сайын емес, айына бір рет баруды шешкен болатын. “Мен құрбандыққа барғаныма еш өкінбеймін, өйткені конгресте айтылғанның бәрін түгел түсіндім”,— дейді Ева.
Германияда тұратын Ясмин конгреске бару үшін жұмысынан демалыс сұрапты. “Бірақ конгреске кетер алдында, жұмысымдағылар шұғыл іс шығып қалғандықтан еш жаққа бара алмайтынымды айтты,— дейді Ясмин.— Мен сабырлық сақтап, Ехобаға дұға еттім де, бастығыммен сөйлестім. Сөйтіп не керек, жұмысымызды мен конгреске бара алатындай етіп жоспарладық. Бүкіл Еуропадағы филиппиндік бауырластармен бір жерде бас қосқанымызға қатты риза болдым!”
Еуропада тұратын көптеген филиппиндіктер өз елдерін ғана емес, Еуропаның жер-жеріне қоныс тепкен достарын да сағынатыны түсінікті-ақ. Ал енді Римде өткен сол конгрестің арқасында сол достар енді бір-біріне бауырлас екендерін біліп жатты (Матай 12:48—50). “Конгресте таныстарымды көргенде, қуанышым қойныма сыймады!”,— дейді Фабрисе есімді ер кісі. Ал конгресс біткенде, бір әйел бауырлас: “Біз бір үйдің балаларындай бас қостық!”— деп жүрді.