Мазмұнға өту

Ехоба куәгерлері Дондағы Ростовты көріктендіруге жәрдемдесті

Ехоба куәгерлері Дондағы Ростовты көріктендіруге жәрдемдесті

2015 жылдың 20 мамырында оңтүстік Ресейдегі ең үлкен қала Дондағы Ростовтың әкімшілігінің басшысы Ехоба куәгерлеріне алғыс хат жолдады. Хатында оларды “қаланы көктемгі көріктендіру ісінде асқан белсенділік танытқаны үшін” мақтады.

Дондағы Ростовты көріктендірумен байланысты қоғамдық жұмыс кезінде төрт қауымдағы Ехоба куәгерлері қала көшелері мен жағалаулардағы жиналып қалған қоқысты жинады. Бірер ғана сағаттың ішінде олар 300-ге жуық қап қоқыс жинады. Бұл қоқыстар кейінірек жүк машиналарына тиеліп, әкетілді.

Неліктен Ехоба куәгерлері қаланы көріктендіру ісіне көмектесуге ынталы? “Мен бұған бей-жай қарай алмаймын,— дейді 67 жастағы Раиса.— Мен қаламның тап-тұйнақтай болып, адамдардың бәрі таза жерде өмір сүргенін қалаймын. Біздің тазалыққа қатысқанымызды көбісі білмесе де, мен бәрібір қанағат сезінем. Өйткені Ехоба Құдай көріп тұр ғой”. Ал Александр былай деп қосты: “Біз тек уағыздап қана қоймай, игі істер де жасауымыз керек. Маңайымыздағыларға көмек қолын соза алғанымыз бізді қуаныш пен қанағат сезіміне бөлейді”.

Ехоба куәгерлерінің құлшынысы жұртшылықтың назарынан тыс қалмады. Жергілікті тұрғындардың бірі Ехоба куәгерлерінің тегін жұмыс істеп жатқанын естігенде, қайран қалды. Ол олармен бірге еңбектенуді ұйғарды. Ал кейіндеу ол кісі былай деді: “Мен осылай риясыз әрі қуанышпен тазалау ісіне қатысып, бұдан осыншама қанағат алуға болады деп еш ойламаппын!”. Сосын: “Кейбіріңіз мұнда тұрмасаңыздар да, біздің орнымызға тазалау үшін келіпсіздер!”.

Қала әкімшілігінің бір өкілінің айтуынша, Ехоба куәгерлерінен құралған бір шағын топ әсіресе көп қоқыс жинапты. Ол Куәгерлерді қоқыс толған қаптардың жанында суретке түсіріп алды. Осылай “өзгелерге қалай жұмыс істеу керектігін көрсетпек”.