2024 жылы, 5 қазанда
ЖАҢАЛАРЫ
Жылдық жиында қызмет аясын кеңейтуге қойылатын жас талабы өзгертілгені хабарланды
2024 жылы, 5 қазанда Күзет мұнарасы, Киелі кітап және трактаттар қоғамы (Пенсильвания) жылдық жиын өткізді. Ол жиында Бетелде не ауқымды теократиялық құрылыс жобаларында қызмет етуге қойылатын жас талабы бұдан былай 19 жас емес, 18 жас болып өзгертілгені хабарланды. Сондай-ақ Патшалықты жариялаушыларға арналған мектепте оқуға өтініш қағазын енді 23 жастан емес, 21 жастан бастап толтыруға болады.
Бұл бір қуанышты жаңалық болды. Ұйымдағы қабілетті жас жігіттеріміз бен қыздарымыз үшін Ехобаға қызмет етуге көбірек мүмкіндіктер ашылды.