Мазмұнға өту

Динозаврлар туралы Киелі кітапта не айтылған?

Динозаврлар туралы Киелі кітапта не айтылған?

Киелі кітаптың жауабы

 Киелі кітапта тікелей динозаврларға қатысты ештеңе айтылмаған. Бірақ бұл кітапта “бәрін жаратқан” Құдай екені айтылған. Демек, сол жаратылыстардың арасында динозаврлар болғаны анық a (Аян 4:11). Киелі кітапта динозаврлар нақты аталмаса да, онда атап өтілген жануарлар тобына олар да кірген болуы мүмкін. Мысалы:

Динозаврлар басқа жануарлардан дамып шықты ма?

 Қазба жұмыстарынан көрінетіндей, динозаврлар эволюцияның нәтижесінде бірте-бірте емес, бірден пайда болған. Бұл барлық аңдарды жаратқан Құдай екенін көрсететін Киелі кітап сөздерімен үйлеседі. Мысалы, Зәбүр 146:6-да: “Құдай жер мен көкті, Теңіз бен ондағылардың бәрін жаратты”,— делінген.

Динозаврлар қашан тіршілік еткен?

 Киелі кітапта теңіз бен құрлықтағы жануарлар жаратылыстың бесінші және алтыншы күндерінде, яғни дәуірлерінде, жаратылғаны айтылған b (Мұсаның 1-жазбасы 1:20—25, 31). Демек, динозаврлар ұзақ уақыт бойы тіршілік еткендігі жайлы мәлімет Киелі кітапқа қайшы келмейді.

Левиафан деген жануар динозаврды білдіре ме?

 Жоқ. Киелі кітаптың Әйүп кітабында аталған левиафанның нақты қандай жануар екенін білмегенімізбен, көпшілік оны қолтырауын деп түсінеді. Бұл оның Киелі кітаптағы сипаттамасына сай келеді (Әйүп 41:1, 14—17, 31). Қандай болған күнде де, “левиафан” динозаврды білдірмейді. Өйткені Құдай Әйүпке осы жануарға назар аударуды айтқан. Ал Әйүп өмір сүрген заманда динозаврлар баяғыда жойылып кеткен еді (Әйүп 41:8).

Динозаврлар неге жоқ болып кетті?

 Киелі кітапта динозаврлардың неге жойылып кеткені жайлы ештеңе айтылмайды. Алайда онда барлық нәрсенің “[Құдай] еркімен” жаратылғаны айтылған. Демек, Құдай оларды белгілі бір мақсатпен жаратқаны анық (Аян 4:11). Бұл мақсаты жүзеге асқан соң, Құдай олардың жойылып кетуіне жол берген.

a Қазба кезінде табылған барлық деректер динозаврлардың болғанын дәлелдейді. Бұл қазба қалдықтардан динозаврлардың пішіні мен көлемінің неше түрлі болғанын көруге болады.

b Киелі кітапта қолданылған “күн” деген сөз кейде мыңдаған жылдарды қамтитын уақыт аралығын білдіреді (Мұсаның 1-жазбасы 1:31; 2:1—4; Еврейлерге 4:4, 11).