Мазмұнға өту

Созылмалы аурудың кезінде Киелі кітаптың көмегі бар ма?

Созылмалы аурудың кезінде Киелі кітаптың көмегі бар ма?

Киелі кітаптың жауабы

 Иә. Өйткені Құдай науқастанып қалған қызметшілерінің қамын ойлайды. Құдайдың адал қызметшісіне қатысты Киелі кітапта былай делінген: “Ауырып қалғанында, Ехоба оны қолдайды” (Зәбүр 41:3). Егер созылмалы дертіңіз болса, келесі үш қадам сізге жұбаныш береді:

  1.   Төзуге күш сұрап дұға етіңіз. Сонда “Құдайдың адам ақылынан асқан тыныштығына” ие болып, уайымнан арыласыз әрі қиындығыңызға төзе аласыз (Філіпіліктерге 4:6, 7).

  2.   Оң көзқарас сақтаңыз. Киелі кітапта былай делінген: “Қуанышты жүрек жақсы шипа болар, Күйреген рух сүйекті қуратар” (Нақыл сөздер 17:22). Қалжыңдай біліңіз, өйткені бұл сізге мұңнан арылуға көмектесіп қана қоймай, денсаулығыңызға да пайдалы болады.

  3.   Болашаққа деген үмітіңізді көз алдыңызда ұстаңыз. Шынайы үміт созылмалы ауруға қарамастан, қуанышты жоғалтпауыңызға көмектеседі (Римдіктерге 12:12). Киелі кітапта ешкім “мен науқаспын” демейтін кез болатыны айтылған (Ишая 33:24). Заманауи ғылым көп созылмалы аурулардың емін табуға дәрменсіз. Бірақ Құдай бізді сол аурулардан сауықтыратын болады. Мысалы, Киелі кітапта қарт адамдардың қайта жасарып, денсаулықтары мықты болатыны айтылған. Онда: “Денесі жас кезіндегіден де уылжып тұрсын, Балғын шағындағы күш-жігері қайта оралсын!”— делінген (Әйүп 33:25).

 Ескертпе: Ехоба куәгерлері Құдайдың көмегі зор екенін мойындайды, бірақ созылмалы дертке ұшырағанда, медициналық көмекке жүгінеді (Марқа 2:17). Біз белгілі бір ем түрін жарнамаламаймыз. Қандай ем түрін пайдаланатынын әр адам өзі шешуі тиіс.