Мазмұнға өту

© Kim, Hyun-tae/iNaturalist. Licensed under CC-BY-4.0

ЖАРАТЫЛЫС ҒАЖАЙЫПТАРЫ

Бақаның “әні”

Бақаның “әні”

 Табиғатта аталық Қиыр Шығыс бақасының (Жапондық бақа) дауыстарын жиі естіп жатамыз. Сырттан бұл дыбыс бейберекет шығып жатқандай естілетін шығар. Алайда қандай да бір аталық бақаның дауысын шулы топтың ішінен жазбай тануға болады. Жапониядағы зерттеушілер осы бақаны бақылап, мұның себебін ашып берді: аталық бақалар аналық бақаларды шақыру үшін жамырап емес, өте ұйымдасқан түрде дауыс шығарады екен.

 Көңіл қоярлық жайттар. Күйттеу кезінде аталық Қиыр Шығыс бақалары аналықтарының көңілін жаулау үшін оларды шақырады. Бақаның дауыс желбезегінен шыққан дыбыс ауыздан үрленіп шығатын дауыс қапшығына ұрылады да, соның арқасында қатты шығады.

 Бір аталық бақаның дауысын басқаларының дауысынан қалай ажыратуға болады? Зерттеулердің нәтижесі бойынша анықталған жайт — бір-біріне жақын тұрған Қиыр Шығыс бақалары белгілі бір кезекпен дауыс шығарады екен. Осы әдістің арқасында олардың дауыстары бір-біріне жағаласпайды, былайша айтқанда, хордағы әр бақаның жеке өз “әні” анық естіледі және бақа өз күшін үнемдейді. Сондай-ақ осылай кезекпен айтқанның арқасында бақалар хор кезінде үзіліс жасай алады.

 Дауыстары соқтығысып қалмайтын Қиыр Шығыс бақаларының “ән” айту өнерінен қуат алған сымсыз байланыстың зерттеушілері өз саласында осы әдісті қолданып жүр. Олар күрделі математиканы қолданып, деректі жіберген кезде оның басқа деректермен жағаласпай, бір уақытта, еш кедергісіз жетуін реттеп жатыр. Нәтижесінде, деректер әлдеқайда сенімді түрде жеткізіледі және мұны істеуге аз күш-қуат кетеді.

 Сіз қалай ойлайсыз? Қиыр Шығыс бақаларының хор болып “ән” айту өнері өздігінен пайда болды ма, әлде Жаратушының жасампаздығы ма?