8-ЗЕРТТЕУ МАҚАЛАСЫ
Кеңесіңіз жүректі қуанта ма?
“Жүрек қуанар май мен хош иісті заттан, Шын көңілден кеңес беретін жан достан” (НАҚ. С. 27:9).
102-ӘН Әлсіздерге көмектесейік
АҢДАТПА *
1, 2. Бір ақсақал кеңес беруге қатысты нені түсінді?
КӨП жыл бұрын екі ақсақал қауымға біраз уақыт келмей кеткен бір әйел бауырласқа бақташылық сапар жасайды. Сөз бастаған ақсақал оған қауымға қатысудың маңыздылығы жайында бірнеше тармақ оқып береді. Әлгі ақсақал бақташылық сапарымыз жақсы өтті деп ойлайды, бірақ үйден шыға бергенде әйел бауырлас: “Сендер менің қандай күйде жүргенімді білмейсіңдер”,— дейді. Иә, бұл екі ақсақал кеңес бермес бұрын, бауырластың хал-жағдайын сұрап алулары керек еді. Сондықтан берген кеңестерінің оған еш пайдасы тимеді.
2 Сол жағдайды есіне алып, әлгі ақсақал былай дейді: “Сол кезде ол бауырлас маған дөрекі сөйлегендей боп көрінді. Бірақ ойлана келе түсінгенім, мен алдымен бауырласым жайлы ойланып, одан “хал-жағдайың қалай, қалай көмектесе аламын?” деп сұраудың орнына, қандай тармақ оқитынымды ойлап кетіппін”. Бұл ақсақал осы жағдайдан маңызды сабақ түйіп алды. Ол — бүгінде жанашыр әрі қамқор бағушы.
3. Қауымда кімдер кеңес бере алады?
3 Ақсақалдар қауымның бағушылары болғандықтан, бауырластарға қажет кезде кеңес беру — олардың жауапкершілігі. Бірақ қауымда басқа бауырластар да кеңес бере алады. Мысалы, достар бір-біріне Киелі кітапқа негізделген кеңес айтуы мүмкін (Зәб. 141:5; Нақ. с. ). Немесе жасы үлкен әйел бауырлас өзінен кіші әйел бауырласқа 25:12Титке 2:3—5 тармақтарда жазылған мәселелер бойынша кеңес бере алады. Сондай-ақ ата-аналар да балаларын ақылға шақырып, түзетіп отырады. Бірақ бұл мақала негізінен ақсақалдарға арналған. Дегенмен адамға қозғау салатын, тиімді әрі “жүрегін қуантар” кеңес беруді бәріміз де үйренсек болады (Нақ. с. 27:9).
4. Осы мақалада не қарастырамыз?
4 Осы мақалада кеңес беруге қатысты төрт сұраққа жауап береміз. 1) Кеңесті қандай ниетпен берген дұрыс? 2) Кеңес берудің шынымен қажеті бар ма? 3) Кеңесті кім бергені жөн? 4) Тиімді болатын кеңес беру үшін не қажет?
КЕҢЕСТІ ҚАНДАЙ НИЕТПЕН БЕРГЕН ДҰРЫС?
5. Қандай жағдайда бауырластар ақсақалдардың кеңесін оңай қабылдайды? (Қорынттықтарға 1-хат 13:4, 7)
5 Ақсақалдар қауымдағы бауырластарды жақсы көреді. Сондықтан олар қандай да бір қауіпті байқаса, бізге кеңес беруі мүмкін (Ғал. 6:1). Бірақ ақсақал әлдебіреумен сөйлеспес бұрын, Пауылдың сүйіспеншілікке қатысты айтқан мына сөздерін ескеруі керек: “Сүйіспеншілік шыдамды да мейірімді... ол бәріне төзеді, бәріне сенеді, еш үмітін үзбейді, бәріне төтеп береді” (Қорынттықтарға 1-хат 13:4, 7 оқыңыз). Ол осы тармақтар жайлы терең ойланатын болса, кеңесті дұрыс ниетпен, яғни сүйіспеншілікпен бере алады. Сонда бауырласымыз оның қамқорлықпен айтып тұрғанын сезіп, кеңесіне құлақ асуы әбден мүмкін (Рим. 12:10).
6. Елші Пауыл қандай үлгі қалдырған?
6 Елші Пауыл ақсақалдарға жақсы үлгі қалдырған. Мысалы, салоникалықтарға кеңес беру қажет болғанда, ол бұдан тартынбаған. Бірақ Пауыл алдымен оларды сеніммен істеген істері, сүйіспеншілікпен атқарған ауыр еңбектері және табандылықтары үшін мақтаған. Сондай-ақ өмірлері оңай емес екенін, қуғын-сүргінге төзіп жүргендерін де ескерген (Сал. 1-х. 1:3; Сал. 2-х. 1:4). Тіпті олардың басқа мәсіхшілерге үлгі екендерін айтқан (Сал. 1-х. 1:8, 9). Салоникалықтар елші Пауылдан осындай мақтау сөздер естігенде, қатты қуанып қалса керек! Пауыл оларды шын жақсы көретінінде еш күмән болмаған. Сондықтан Пауыл оларға жазған екі хатында да тиімді кеңестер бере алды (Сал. 1-х. 4:1, 3—5, 11; Сал. 2-х. 3:11, 12).
7. Кейбіреулер кеңесті не үшін жақтырмай қалады?
7 Кеңесті жағымды мәнерде айтпасақ, не болуы мүмкін? Бір тәжірибелі ақсақал кейбір бауырластардың кеңесті не үшін ұнатпай қалатынын байқаған екен. “Олар әдетте кеңестің өзіне емес, жұмсақтықпен берілмегеніне наразы болып жатады”,— дейді ол. Бұдан түсінетініміз, ашуланғандықтан емес, жақсы көргендіктен берілген кеңеске құлақ асу әлдеқайда жеңіл.
КЕҢЕС БЕРУДІҢ ШЫНЫМЕН ҚАЖЕТІ БАР МА?
8. Біреуге кеңес берерде ақсақалдың не деп ой жүгірткені дұрыс?
8 Ақсақалдың біреуге кеңес беруге асықпағаны және ойланбай сөйлеуден аулақ болғаны жөн. Ол алдымен: “Бұл бауырласпен шынында да сөйлесу керек пе? Мен оның әрекетінің дұрыс емес екеніне сенімдімін бе? Оның ісі Киелі кітапта Нақ. с. 29:20). Егер ол бауырластың Киелі кітапқа қайшы әрекет еткеніне және оған кеңес беру керектігіне сенімсіз болса, өзге ақсақалмен ақылдасса болады (Тім. 2-х. 3:16, 17).
айыптала ма, әлде жай ғана көзқарасымыз екі түрлі ме?”— деп ой жүгірткені дұрыс (9. Киім мен сәнденуге қатысты кеңес беруге келгенде, Пауылдан не үйренеміз? (Тімөтеге 1-хат 2:9, 10)
9 Мысалы, ақсақалды бір бауырластың қалай киініп-сәнденетіні мазалап жүр делік. Сол кезде ол: “Оған кеңес беруге Жазбалардан негіз бар ма?”— деп ойланғаны жөн. Мәселеге жан-жақты қарай алу үшін, ол басқа бір ақсақалмен немесе толысқан мәсіхшімен ақылдасса болады. Бәлкім, екеуі бірге Пауылдың киіну мен сәнденуге қатысты кеңесін қарастыратын шығар (Тімөтеге 1-хат 2:9, 10 оқыңыз). Пауыл киімге қатысты қарапайым, есті, жарасымды болсын деп жалпы принциптерді ғана көрсеткен. Ол “мынаны киюге болады, мынаны болмайды” деп ережелер тізімін бермеген. Өйткені ол мәсіхшілердің өз талғамдары бойынша (Жазбаларға қайшы келмесе) киіне алатындарын түсінген. Сондықтан ақсақалдар мәсіхшіге кеңес бермес бұрын, оның талғамынан қарапайымдылық пен естілік байқала ма, соны ескереді.
10. Бауырластардың жеке шешіміне байланысты нені есте ұстағанымыз дұрыс?
10 Біз екі толысқан мәсіхшінің бір мәселеде екі түрлі шешім қабылдай беретінін түсінуіміз қажет. Бұл олардың біреуінікі дұрыс, біреуінікі дұрыс емес дегенді білдірмейді. Жазбаларға қайшы болмаса, екеуінікі де дұрыс бола алады. Сондықтан жеке өзіміз дұрыс деп санаған нәрсені өзгеден де талап етпегеніміз жөн (Рим. 14:10).
КЕҢЕСТІ КІМ БЕРГЕНІ ЖӨН?
11, 12. Кеңес беру қажет болса, ақсақал не деп ойлану керек және неге?
11 Ал егер бауырласқа кеңес беру керек болса, ескеретін келесі жайт — бұл кеңесті кім беру керек? Мысалы, ақсақал тұрмыстағы әйелге не жас балаға кеңес бермес бұрын, сол отбасының отағасымен сөйлесіп алғаны жөн. Бәлкім, отағасы бұл мәселені өзім қолға аламын деп шешетін шығар *. Немесе ақсақал кеңес беріп жатқанда, ол қатысып отыратын шығар. Ал кей жағдайларда, 3-абзацта айтылғандай, жас әйел бауырласқа жасы үлкен әйел бауырластың кеңес бергені жөн болар.
12 Ескеретін тағы бір жайт бар. Ақсақал кеңес бермес бұрын: “Осы бауырласқа кеңесті кімнің бергені дұрысырақ болады, менің бе, әлде өзге ақсақалдың ба?”— деп
ойланып көрсе болады. Мысалы, өз-өзіне сенімсіз, өзін түкке тұрғысыз санайтын бауырласқа дәл сондай сезімдерді бастан өткерген ақсақал кеңес берсе, ол жақсырақ қабылдауы мүмкін. Өйткені сондай ақсақал оны жақсы түсінеді әрі сөздері өтімді болады. Дегенмен Жазбалар талап етсе, бауырласты түзелуге талпындыру — барлық ақсақалдың міндеті. Сондықтан бұл жерде ең маңыздысы — ақсақалдың сол мәселеде тәжірибесінің бар-жоқтығы емес, кеңестің берілгені.ТИІМДІ БОЛАТЫН КЕҢЕС БЕРУ ҮШІН НЕ ҚАЖЕТ?
13, 14. Ақсақалдар неліктен тыңдауға жүйрік болулары қажет?
13Құлақ түріп тыңдаңыз. Ақсақал кеңес беруге дайындалғанда, мына сұрақтар жайында ойланса болады: “Бауырласым қазір қандай жағдайда жүр? Оның өмірінде не болып жатыр? Мен білмейтін қиындықтары бар ма? Дәл қазір оған қандай көмек керек?”
14 Кеңес беретін адам Жақып 1:19-дағы принципті ескеруі керек. Ол жерде: “Әркім тыңдауға жүйрік, сөйлеуге және ашулануға баяу болсын”,— делінген. Мысалы, ақсақал барлық мән-жайды білемін деп ойлауы мүмкін. Бірақ шын мәнінде олай емес шығар. Нақыл сөздер 18:13: “Мән-жайды тыңдамай жатып жауап қайтару — Ақымақтық әрі масқаралық”,— деп ескертеді. Ендеше, мән-жайды адамның өзінен сұрап анықтау керек. Бұл үшін алдымен оны тыңдап алу қажет. Мақаланың басында айтылған ақсақалдың қандай сабақ алғаны есіңізде ме? Ол дайындап келген мәліметін айтпас бұрын, әйел бауырластан: “Хал-жағдайың қалай? Қалай көмектесе аламын?”— деп сұрап алуы керек еді. Егер ақсақалдар осылай уақыт бөліп, мән-жайды анықтап алатын болса, бауырластарын жігерлендіріп, көп көмек көрсете алады.
15. Ақсақалдар Нақыл сөздер 27:23-тегі принципті қалай қолданса болады?
15Отарды жақсы біліңіз. Мақаланың басында айтылғандай, тиімді кеңес беру бауырласқа тек тармақтар оқып, бір-екі ақыл айтуды білдірмейді. Бауырластар біз олардың қамын ойлайтынымызды, жағдайларын түсінетінімізді, көмектескіміз келетінін сезінулері керек (Нақыл сөздер 27:23 оқыңыз). Сондықтан ақсақалдар олармен жақын дос болуға тырысқандары жөн.
16. Ақсақалдар бауырластарға тиімді кеңес беру үшін не істей алады?
16 Ақсақалдар бауырластарға кеңес беру керек кезде ғана жолықпайды. Олар басқа уақытта да бауырластармен араласып тұрады және қиыншылық көргендерінде қастарынан табылып, көңіл бөледі. “Осылай бауырластармен дос болып кетесің. Соның арқасында кейін кеңес беру керек
болғанда, өзіңе жеңіл болады”,— дейді бір тәжірибелі ақсақал. Мұндай кеңесті қабылдау да жеңіл екені рас.17. Әсіресе қандай жағдайда ақсақалдың шыдамды әрі мейірімді болғаны жөн?
17Шыдамды да мейірімді болыңыз. Кейде бауырласымыз Киелі кітапқа негізделген кеңеске құлақ асқысы келмеуі мүмкін. Осындайда ақсақалдың ашу-ызасы келетін шығар. Бірақ оның шыдамды да мейірімді болғаны аса маңызды. Киелі кітапта Иса жайында: “Майысқан қамысты сындырмайды, сығырайып тұрған білтені де сөндірмейді”,— делінген (Мат. 12:20). Сол сияқты, ақсақал Исадан үлгі алып, жеке дұғасында Ехобадан: “Бауырласқа көмектесші, кеңес не үшін берілгенін түсініп, оны қолдансыншы”,— деп сұраса болады. Айтылған нәрселер жайлы ойланып-толғану үшін бауырласымызға біраз уақыт керек болуы мүмкін. Егер ақсақал шыдаммен әрі мейіріммен сөйлесе, бауырлас кеңестің қалай айтылып жатқанына емес, не айтылып жатқанына көбірек мән береді. Дегенмен кез келген кеңес Құдай Сөзіне негізделуі керектігін ұмытпаған жөн.
18. а) Кеңес беретін бауырлас нені есте ұстау керек? ә) Қоршау мен суреттен көрінетіндей, қыздың ата-анасы не талқылап жатыр?
18Қателіктеріңізден үйреніңіз. Кемелсіз болғандықтан, біз осы мақалада айтылған кеңестердің барлығын мінсіз орындай алмауымыз мүмкін (Жақ. 3:2). Қателіктер болмайды емес, болады, бірақ солардан үйренейік. Егер бауырластар жақсы көргендіктен кеңес бергенімізді сезінсе, сөзіміз не әрекетіміз көңілдеріне тиіп жатса, бізді оңай кешіре алады (“ Ата-аналарға” деген қоршауды да қараңыз).
ТҮЙІН
19. Біз бауырластардың жүрегін қалай қуанта аламыз?
19 Осы мақаладан көргеніміздей, тиімді кеңес беру оңай емес екен, өйткені кеңес Нақ. с. 27:9).
беруші де, алушы да кемелсіз. Олай болса, осы мақаладағы принциптерді есте ұстаңыз. Кеңес берудегі ниетіңіз дұрыс болсын. Шынымен кеңес беру қажет пе, қажет болса, кімнің бергені дұрыс деп ойланыңыз. Сондай-ақ кеңес бермес бұрын, бауырласқа сұрақтар қойып, оны тыңдап, жағдайын біліңіз. Жағдайға сол адамның көзімен қарауға тырысыңыз. Жұмсақ болып, бауырластармен жақын дос болыңыз және негізгі мақсатыңызды ұмытпаңыз: біз кеңесіміздің тиімді болғанын ғана емес, жүректі қуантқанын да қалаймыз (103-ӘН Бағушылар — Құдайдың сыйы
^ 5-абзац Біреуге кеңес беру оңай емес. Адамға пайдасын тигізіп, оны қанаттандырып жіберетіндей кеңес беру үшін не істеуіміз керек? Әсіресе ақсақалдарға кеңесті жағымды әрі жүрекке жететіндей етіп жеткізуге не көмектеседі?
^ 11-абзац 2021 жылдың ақпан айындағы “Күзет мұнарасының” “Қауымдағы басшылық принципі” деген мақаласын қараңыз.